Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қостанайда ең ықпалды бизнесменнің бірі Василий Розиновқа қатысты сот отырысы басталды

AstanaTV
17.09.2019ж. 20:00
2052
Қостанайда ең ықпалды бизнесменнің бірі Василий Розиновқа қатысты сот отырысы басталды

Қостанайда олигарх Василий Розиновқа қатысты сот отырысы басталды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке іліккен. Алғашқы сот процессінде агрохолдингтің экс-басшысы видео түсірілімге наразылық білдірген жоқ. Бизнесмен жасыратын түгі жоқ екенін ашық айтты. Еліміздегі ең бай адамдар тізіміне енген кәсіпкер не үшін жауапқа тартылып жатыр? Сот залынан Заңғар Санай жеткізеді.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: 

Василий Розиновтің ісі қалалық нөмірі екінші сотта қаралып жатыр. Судья Батырбек Құдабаев әуелі жауапкер мен жәбірленуші тараптың анкеталық мәліметтерін анықтады. Ірі агрохолдингтің бұрынғы басшысы өзінің бойдақ екенін, бірақ 3 жастағы баласы барын растады.

Кәсіпкер көптеген мемлекеттік наградаларын есіне түсіре алмады. Дегенмен кейбіреуін тізбектеп шықты. 

Василий РОЗИНОВ, АЙЫПТАЛУШЫ: 

Медалім көп. Көбісі есімде жоқ. «Құрмет» «Барыс» үшінші дәрежелі, екінші дәрежелі ордендерім бар.Көптеген мадақтамалар да бар.

Мемлекеттік айыптаушы келтірген деректерге сүйенсек «Иволга-Холдинг» серіктестігін басқарған Василий Розинов, қылмыстық жоспар құрып, банктен ірі көлемде несие алған. Бірақ қомақты қаражатты қайтармаған. 

Нұрлан ТОЙШЫБЕКОВ, БАС ПРОКУРОРДЫҢ КӨМЕКШІСІ: 

Розинов пайдакүнемдік ниетте банк қаражатын ұрлауды көздеп, кепіл ретінде жалған астық қолхаттар беріп, көп сатылы қылмыстық жоспар құрған. Бұл жоспарға біріншіден - сенімді қарыз алушының имиджін жасау, екіншіден - жалған астық қолхаттарын шығару және кепіл ретінде банкке беру, үшіншіден - бөтеннің мүлкін ұрлау, яғни банктің ақшасын ұрлау, төртіншіден- активтерді өз туысқандары мен сенімді адамдарын қайта рәсімдеу, бесіншіден - банкке қарызды төлемеу секілді қылмыстық әрекеттер кірген.

Еске сала кетейін 2016 жылы Еуразиялық даму банкі 80 миллион АҚШ долларын қайтару жөнінде экономикалық сотқа талап-арыз түсірген еді. Сол тұста Банк басқармасы «Иволга-Холдингтің» астыртын алаяқтық әрекеті жөнінде мәлімдеме жасаған болатын.  

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Содан бастап әлемдегі ең ірі агрохолдингтің әлеуеті әлсіреп, ісі шатқаяқтай бастады. 2018 жылы аймақтағы алпауыт холдингтің орнына «ОлжаАгро» құрылды.