$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда кәріз құдығын тазалап жатқан жас жігіт нәжіс суына тұншығып қайтыс болды

AstanaTV
18.09.2019ж. 20:00
2481
Павлодарда кәріз құдығын тазалап жатқан жас жігіт нәжіс суына тұншығып қайтыс болды

Павлодарда кәріз құдығын тазалап жатқан 22 жастағы жұмысшы нәжіс суына тұншығып қайтыс болды. Полицейлердің айтуынша кәріз жүйесін тазалау кезінде, құбыр жарылып, қатты қысыммен келген ағын су құдықтағы жұмысшыны ағызып әкеткен. Ол лас суға тұншығып, қайтыс болды. Оқиға орнында қазір жедел тергеу тобы жұмыс бастап кетті. Мамандардың айтуына қарағанда, жөндеу жұмыстары кезінде құбырдың бір басын тығындап, келесі басынан су шығару керек болған. Алайда, қатты қысымнан тығын ашылып кеткен көрінеді. 

Данара ӘЛЖАНОВА, ПАВЛОДАР қ. ОРТАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Аталған факті бойынша Орталық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның нақты себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сараптама жұмыстарынан кейін барлығын анықтайтын боламыз.

Ө. Қуанар