Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жанармай дағдарысы апта соңына дейін шешіледі - Қ.Бозымбаев

AstanaTV
17.10.2017ж. 20:00
2680
Жанармай дағдарысы апта соңына дейін шешіледі - Қ.Бозымбаев

Жанармай тапшылығы апта соңына дейін шешіледі. Бүгін Үкіметте Энергетика министрі  Қанат Бозымбаев осылай деп уәде берді. Президентен сөгіс естісе де, мойымай, проблеманы шешуге барын салатынын айтты. Бірақ бұрынғы баға қайтып келуі екіталай. Тек жыл соңында 5-6 теңгеге арзандауы мүмкін дейді. Ал аймақтарда сұйық отын тапшылығы мен оның құнының шарықтауы бойынша мәселе әлі де толық шешімін таппаған. Мәселен, Алматыда жұрт бензиннің бағасына емес, оның бекеттерде бар- жоғына көбірек алаңдайтын болған. Министр Бозымбаев нарықтағы ахуал туралы не айтты? Әріптесім Мөлдір Бақыт-қызы бұл бойынша ақпараттарды бізбен бөлісуге дайын. Мөлдір сөз өзіңізде. 

Мөлдір Бақыт-қызы:

Биылғы күз темір тұлпар тізгіндегендерге де, министр Бозымбаевқа да оңайға соқпады. Айналдырған бір-екі апта ішінде бұрын-соңды естімеген "жанармай дағдарысы" деген тың термин қолданысқа еніп үлгерді. Президенттен сөгіс естіген Энергетика министрі бір апта ішінде 100 мың тонна жанармай тауып қойыпты. Оны бүгін "сүйіншілеп" Үкіметте жариялады. Әлбетте, бензин Ресейден импортталады. Апта соңына дейін 50 мың тоннасы жеткізілмек. Бағасы қаншадан болатыны да шамамен белгілі.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Импорттық бензинді Қазақстанда шығатын бензинге қосады да, сонда бағасы 4 үлкен жүйеде 161 теңгеден аспауы тиіс.

Қазан айында тұтынған жанармайдың 40 пайызы Ресейден жетті. Қарашада ол 30 пайзыға, желтоқсанда 20 пайызға түседі,- деді министр. Қазір күрделі жөндеуден өтіп жатқан отандық мұнай өңдеу зауыттары айдың соңында іске қосылады. Жылдарға созылған уәде биыл орындалады деп сендірді. Яғни бензин бойынша Ресейге тәуелділіктен құтыламыз. Ал ішкі нарықта баға қолдан жасалған болып шықты. Жанармай бекеттері барлығы 47 компания өзара келісіп, бағаны негізсіз өсірген. Оларға 1 млрдқа жуық айыппұл салынбақ.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Могу перечислить: "КазМунайГаз Өнімдері", "Гелиос", Азс "Есиль", Абн Трейд, Биай Петролиум...

Ал көмір биыл былтырғыдан 13 мың тоннаға артық өндірілген. Бірақ көп бөлігі шет елге сатылып кеткен. Содан тапшылық сезілді. Айтпақшы, көмірдің қымбаттауына, алыпсатарлар кінәлі көрінеді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Шұбаркөл көмірі Қарағанды облысы Нұра ауданында 8 мыңнан, ал Оңтүстік Қазақстанда 18 мыңнан саудаланады. Ал өндіруші бағасы 5 мың теңге.

Ал еліміздегі ең ірі шаһар Алматыда жанармайға қатысты ахуал қаншалықты тұрақталды?  Бұл туралы әріптесім Ришат Асқарбекұлы айтып береді. Ришат, сөз сізде

Ришат Асқарбекұлы, тілші: 

Иә, Мөлдір, кеш жарық! Алматы көлік саны жөнінен елімізде алғашқы орында екені мәлім. Тиісінше мұнда бензиннің тұтыну көлемі де жоғары. Қажеттілік айына 45 мың тоннаны құрайды. Қазір қалада бензин тапшылығына қатысты дүрбелеңнің басылғанын байқауға болады. Бірақ жанармай бекеттеріндегі таблода баға әлі де құбылып тұр. Ал жүргізушілер бензиннің құнына емес, оның бар-жоғына назар аударатын болған.

Очередь жоқ әйтеуірі, қымбат болса да, жүріп жатырмыз, құюға мәжбүрміз. -Бұларда талон негізінен. Түнгі 12-ден кейін береді. Кешкісін талон деп тұрады. - У нас как всегда делается, чтобы поднять цену. Народ не жаловался, сперва бензин дефицит сделают, а потом цену поднимут, чтобы не возмущались. Наверное, так.

Бүгін энергетика министрі үкіметте есеп беріп жатқанда, аймақтағы ірі жанармай ойыншылары баспасөз өкілдерін мұнай сақтау қоймаларына шақырды. Алматыдағы «Синойл» компаниясының бензин қорына арналған қоймасында 4 мың тонна АИ-92 бензині мен дизель отыны сақтаулы. Әрине, алып бөшкелерге үңілу мүмкін емес. Десе де шамамен Алматы және Алматы облысын 10 күн үздіксіз  қамтамасыз ететін қор бар, дейді компания өкілдері.  

Әділет Сақаев, "SINOOIL" ЖШС бас директорының орынбасары:

Компания қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алматыдағы 50-ден астам жанармай құю бекетінде бензин тапшылығы жоқ. Бірақ сұраныс әлі де жоғары. Қарапайым жүргізушілер арасында бензин болмай қала ма деген үрей басым. Сондықтан көбірек құйып алғысы келіп жатады. Компания жақында Ресейден 15 мың тонна жанармай сатып алған. Кәсіпорын өкілінің айтуынша, ол алдағы аптада Алматыға жеткізіледі де, жергілікті бензинмен араластырылып сатылымға шығарылады. 

Ришат Асқарбекұлы, тілші: 

Жанармай саудалайтын ең ірі ойыншы бензиннің 30 пайызын Ресейден, ал қалған 70 пайызын жергілікті мұнай өңдеу зауыттарынан алып отыр. Бүгін «Синойл» бектеттерінде сұранысқа ие АИ-92 бензинінің бағасы 158 теңгені көрсетіп тұр. Ол кеше 152, ал осыдан бір апта бұрын 148 теңгеден саудаланған еді. Сөйтіп бензин бір аптада 6 пайызға қымбаттаған.