Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

AstanaTV
19.09.2019ж. 20:00
3117
Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

Бүгін Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Аймақтың жаңа басшысын облыс активіне Премьер- министр Асқар Мамин таныстырды. Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын облыстық мәслихат депутаттары толық қолдаған. 44 жастағы Жеңіс Қасымбек бұған дейін премьер- министрдің орынбасары, инвестиция және даму министрі қызметтерін атқарған.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа және мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шын жүректен алғысымды айтқым келеді. Мен үшін бұл үлкен бір мәртебе және үлкен бір жауапкершілік. Оны мен біліп отырмын. Сондықтан халықтың әл- ауқатын жақсартуға және Қарағанды облысының экономикасын дамыту үшін бар әл- жігерімді саламын.

А. Қуаш