Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағанды облыстық онкологиялық орталығына жаңа операциялық-реанимациялық бөлім қажет

AstanaTV
20.09.2019ж. 20:00
2517
Қарағанды облыстық онкологиялық орталығына жаңа операциялық-реанимациялық бөлім қажет

Қарағанды облыстық онкологиялық орталығына жаңа операциялық-реанимациялық бөлім қажет. Науқастарды заманауи әдіс-тәсілдермен емдеу үшін аурухана таршылық етіп отыр. Бүгін дәрігерлер аймаққа іс сапармен келген «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектен проблеманы шешуге жәрдемдесуді сұрады. 

Қарағандыдағы облыстық онкологиялық диспансер Қазақстанда қатерлі ісік ауруларын емдейтін ең үлкен аурухана. Мекеме мамандары химия терапиядан бастап, түрлі тәсілдермен жыл сайын 12 мыңнан астам науқасқа ем жасайды. Оның үштен біріне күрделі ота жасалады. Ең үлкен малекулалық генетикалық зертхана да осында орналасқан. Онкологтардың айтуынша, аурухананың мүмкіндігі зор. Бірақ ғимарат таршылық етіп отыр. 

Мұратбек ЖҰМАҚАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

«Қазіргі жағдайда жетпей отырған нәрсе арықарай даму үшін, оның бірі- операционно- реанимационный блок жетпей тұр. Зданияларымызда площадьтарымыз жетпейді. Соған байланысты бүгінгі өзекті мәселе опеарционно- реанимационный блок салу. Оның құны 6 млрд деп отыр.

Бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан операциялық- реанимациялық блок кешікпей салынуы тиіс. «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек дәрігерлермен кездесуінде осына айтты.   

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бүгін онкологиялық ауруханада болдық.Министр Біртанов, біздің партиямыздың мүшесі бұл ұсынысты бірден қабыл алды. Операциялық блок салынатын болады. Бұл өте маңызды мәселе. Жеңіс Махмұдұлы бұл жұмысқа мықтап кіріседі ,- деп ойламын. Бұл аймаққа жиі келіп жүрді, барлық ақпаратты біледі. Сондықтан қолдау көрсетіңіздер.

Облысқа кеше ғана әкім болған Жеңіс Қасымбек, «NUR OTAN» партиясының аймақтық филиалына төраға болып сайланды. Бауыржан Байбек нұротандықтармен кездесуде Жеңіс Қасымбекке жаңа қызметте сәттілік тіледі.  

А. Қуаш