Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Нарыққа қажет мамандардың біліміне аса мән беру керек",- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

AstanaTV
20.09.2019ж. 20:00
2074
"Нарыққа қажет мамандардың біліміне аса мән беру керек",- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Алматылық тұрғындардың 15-мыңнан астамы тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал 6-мыңға жуық азамат уақытша қызмет орындарына жіберілген. Бұл халықты жұмыспен қамту орталығының дерегі. «Еңбек» бағдарламасы бойынша биыл 7 мыңнан астам жұмыс беруші бос орындар ұсынвп отыр. Аталған мекемеге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов арнайы барып орталықтың қызметімен танысты. 

Нарыққа қажет мамандар дайындалуы керек. Министр Біржан Нұрымбетов орталықтағы мемлекеттік бағдарламалардың жүргізілу барысында осы қағиданы ұстанған жөн дейді. Яғни мамандардың білім деңгейін көтеріп, оларды жұмыспен қамтуы қажет.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:  

Алдағы уақытта жұмыспен қамту орталығы азаматтарды жұмыс берушінің сұранымымен оқытуы керек. Себебі біздің индикаторды 100 пайыз оқыған адам өзіне жұмыс табуы тиіс. Егер ондай болмаса, біздің бағдарламаға да, жұмысымызға да халықтың тарапынан сенім болмайды. Курсты толық оқып шығуды талап ету қажет.

Орталықтың "Еңбек" бағдарламасы бойынша қалада 7 мыңнан асатын жұмыс беруші 55-мыңға жуық бос орындарды ұсынған. Орталық өзіне жүгінген азаматтардың шамамен 15-мыңнан астамын тұрақты жұмыспен қамтыған. Ал 6-мыңға жуық азаматты уақытша қызмет орындарына жіберген. Соның ішінде сұранысқа ие мамандықтар да бар.  

Найла МҰХТАРОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

 Жұмыспен қамту орпталығы Алматы қаласы бойынша 15-мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен, уақытша 6-мыңнан адамды қамтыған. Ең сұранысқа ие мамандықтар аспазшы сонымен қатар салондарды жұмыс істейтін мамандар бар. Жалпы түлектер бізге келіп жұмыссыз адамдар ретінде тіркеледі. Және біз оларды бағыт-бағдар беріп жұмыс берушілерге жібереміз.

Ал қазір қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы бойынша 1500-ге жуық азамат білім алуда. Алматыдағы нақты жұмыс күші 986 мың адамды құрап отыр. "Еңбек" бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізген министр, жас маманға мемлекет тарапынан қажетті қаражат берілуі тиіс деді.  

Ә. Лесбек