Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бокстан Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Ақтаудан екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды

AstanaTV
24.09.2019ж. 20:00
2065
Бокстан Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Ақтаудан екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Бокстан Әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетовке Ақтаудан екі бөлмелі пәтер кілті сыйға тартылды. Екатеринбургте өткен әлем біріншілігінде жалғыз алтын алқа иелеленген ол, түнде елге оралды. Ақтау әуежайынан чемпионды жерлестері күтіп алды. Олардың арасында облыс әкімі Серікбай Тұрмов та бар. 

Ресейден Чемпион болып оралған Бекзатты жерлестері ерекше ықыласпен күтіп алды. 81 келі салмақта алтыннан алқа таққан отандасымызды қарсы алуға еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін келген.    

Бекзат ақтық сында Өзбекстандық қарсыласынан басым түсті. Төрешілік еткен қазыларда бір ауыздан жерлесімізді жеңімпаз деп таныды. Десе де көпшілік оның алтынсыз қайтпайтынын жартылай финалда-ақ топшылай бастаған. Өйткені ол Рио Олимпиадасының чемпионы, кубиндық спортшыны нокдаунға жіберді.    

Бекзат НҰРДӘУЛЕТОВ, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: 

Енді ең қиын бой сол жартылай финалдағы кубалық боксшы деп айта аламын. Ең тәжірибелі боксшы. Сол ағайлардың қойған тактикасымен Алла күш қуат беріп, жеңіске жеттік.

Анасы, баласының жұдырықтасқанын көруге жүрегі дауаламапты. Бірақ жеңіске жетсе деп, тілеуін тілеп отырдым, дейді. Есесіне әжесі немересінің бір де бір кездесуін жібермеген. Бүгін ол да Бекзатты күтіп алуға әуежайға келді.  

Қоңырша НҰРДӘУЛЕТОВА, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНЫҢ ӘЖЕСІ: 

Бекзатымның талабы алға басып тек, биіктен биіккетерге, Қазақстанға көріне берсін, көріне берсін. Бәріңе рақмет, бәріңе!

Бұл тарихи сәттен аймақ басшысы да тыс қалмады. Маңғыстау облысың әкімі Серікбай Трұмов, чемпион жерлесіне 2 бөлмелі пәтер сыйға тартты. Және алдағы уақытта да жеңіс тұғырына көтеріліп, ел абыройын асқақтата беруді тіледі.  

- Екі бөлмелі пәтер!  

Көрші Ресейде өткен додалы жарыста Қазақстан әлем біріншілігі бойынша жалпы есепте 3 орынға тұрақтады. Қоржынға Бекзаттың алтын алқасынан өзге 1 күміс 4 қола бұйырды.  

Ә. Өмірзақ