Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"ҚТЖ" ҰК жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті

AstanaTV
26.09.2019ж. 20:00
2335
"ҚТЖ" ҰК жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті

"ҚТЖ" Ұлттық компаниясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті. Оның алдын алу үшін темір жол басшылары түрлі шаралар қолданып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өткізген арнайы кеңесте осыны талқыланды.

Қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты мүлдем болдырмау! Темір жолшылар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы тақырыпта ашық диалог құрды. Мұндай форматтағы басқосу алғаш рет өткізіліп жатқан жоқ. Бұл жолы олар сыбайластықпен күрестің жаңа жолдарын сөз етті.  

Анар ЖАРОВА, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ АЛДЫН АЛУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Темір жол транспортының қызметін елдің басым бөлігі пайдаланатындықтан, біз үшін де бұл өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан оған бей-жай қарай алмаймыз. Бүгін теміржолдағы кездесетін жемқорлықпен күресудің бірнеше жолдары айтылды. Мысалдар да, ұсыныстар да келтірілді.

Пойыздардағы сыбайлас жемқорлықпен күресті, процестерді толық автоматтандыру арқылы жоймақ. Айтуларынша, қазірдің өзінде электронды билет арқылы жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жүйесі өз тиімділігін көрсетіп үлгерген. Алып сатарлар азайыпты. Жүк тасымалын да жаңа технологияның көмегімен іске асырмақ. 

Ирина КАПАНОВА, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Біз толықтай зерттеу жүргізіп, жемқорлыққа жол беретін қызмет тұстарын анықтадық. Мұндай бассыздыққа барған кадрларымызбен күресті жалғастыра береміз. Олардың біздің компанияда жұмыс істеуге құқығы жоқ. біз қатарымыздан адал әрі жауапты мамандардың жұмыс істегенін қалаймыз.

Сарапшылардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа жол беру деректері қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу және персоналды басқару салаларында көптеп кездеседі. Ұлттық компания осы бағыттар бойынша алдын алу мен бақылауды күшейтуді көздеп отыр.  

А. Мүтәлі