Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда жасөспірім "Адам өлтірді" деген күдікке ілікті

AstanaTV
27.09.2019ж. 20:00
2894
Алматыда жасөспірім "Адам өлтірді" деген күдікке ілікті

Алматыда 15 жастағы бозбала, бүтін бір отбасын асыраушысынан айырды. Бұл ақпаратты, полиция департаменті растады. Марқұм Жалғас Сейілхановқа- жасөспірім жүрек тұсынан пышақ салған. Қазір бозбала қылмысын толығымен мойындап, қамауға алынды. Ал марқұмның туыстары: "Бұл - топпен жасалған қылмыс, сондықтан өзгелерін де жазалау қажет" - дейді. Әсем Лесбек тарқатады. 

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қанды оқиға осыдан бес күн бұрын түңгі сағат 3-тер шамасында дәл мына ғимараттың алдында болған. Марқұм Жалғас Сейілхановпен оның қасындағы інісі мен досына бір топ жігіт осы жерде жабыла кеткен.

Сол күні Жалғас "Аққент" шағын ауданында орналасқан компьютерлік клубқа барған. Жақындарының айтуынша, ойыннан шыққан соң оларға бір топ жігіт келіп сес көрсетіпті. Арты жұдырықтасуға жалғасқан кезде, ішіндегі бейтаныс жігіт Жалғастың жүрек тұсына пышақ сұққан. 

Насиба ШӘМШІБАЙ, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ :

Бер жақта тұрған группавойдың ішіндегі бала кеп, менің балама пышақ сұғады. Өзінен-өзі. 17/39/22 Жүрек тұстан ұрылды пышақ, асқазанды кесіп, ішегін тесіп. күре тамырды кесіп кеткен, содан барлық қан ағып кеткен. Үйімнің асыраушысы сол еді.

24 жастағы марқұмның артында 2 жарым жастағы және 2 айлық балалары қалды. Туыстарының айтуынша, сол күні суық қару сес көрсеткендердің барлығының қолында болған. Марқұмның досы да пышақ жарақатын алған.  

Орынбасар АБАЙҰЛЫ, МАРҚҰМНЫҢ ІНІСІ: 

Екінші бала сол жерде Аят деген досына тағы бір бала отырған жерінен келіп Аят деген балаға тығады. 00/37 Жеті сегіз баладай отырды сол жерде. Қайтайын деп жатқанымызда бір бала шығып сөйледі бізге.

Ал компьютерлік клуб қызметкерлері мұндай жанжал жиі болатынын жеткізді. Бұл ауданның тәртіп сақшылары да бой көрсете бермейді деді.  

Досжан СУАНБЕКОВ, КОМПЬЮТЕРЛІК КЛУБТЫҢ АДМИНИСТРАТОРЫ :

Жастар көп жүреді таңға дейін, сенбі-жексенбі күндері осы жақта жүреді. Тәртіп жоқ. Участковый келмейді.  Ол балаларды сол күні көрдім бәрі Қалқаман жақтан келген деп естідім. Бұзық балалар екені түрлерінде жазылып тұрды. Бәрінің қолдарында пышақ бар

Қанды оқидан соң, күдіктілер анықталған. Полиция пышақ салып, адам өлтіргені 15 жастағы бозбаланы қамаған.   

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Төрт сағаттан кейін сезікті қолға түсті. Ол қамауға алынды. 2004-жылғы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда ҚК-тің 106- бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс әлі де тергелу үстінде.

Дегенмен, қаза болған Жалғастың туыстары бұл қылмысқа, бір ғана адам кінәлі емес, - дейді. Олардың барлығы суық қарумен қаруланған. Сондықтан кәмілет жасына толмағандардың пышақ алып жүргеніне құзырлы орындар бей-жәй қарамауы тиіс деп отыр.  

Ә. Лесбек