Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Прокурорға пара берген басшы ауқымды айыппұл төлейтін болады

AstanaTV
27.09.2019ж. 20:00
2138
Прокурорға пара берген басшы ауқымды айыппұл төлейтін болады

Ақтөбеде облыстық психикалық-жүйке аурулары интернатының басшысы прокурорға пара ұсынғаны үшін жазаланды. Мекеменің бұрыңғы директоры енді 22 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Оқиға тамыз айында болған. Интернат жұмысын тексеруге келген прокурорға мекеме директоры 1 жарым миллион теңге пара беріп, заңсыздықтарға көз жұма қарауды ұсынған. Бірақ прокурор парақор басшының үстінен арыз түсірген. Тексере келе интернат басшысы қызметінен қуылып, оған тіпті ірі көлемде айыппұл салыныпты. 

Айжамал СҮНДЕТ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:  

Ақтөбе қаласы №2 сотының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі үкімімен Пан Клава Владимировна ҚТ-тің 367 бабының 2- бөлігімен, яғни айтарлықтай мөлшерде пара беру фактісі бойынша кінәлі деп танылып, оған белгілі бір лауазымындарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 15 еселенген соммасы мөлшерінде, яғни 22 500 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, сот сотталған Клава Панды «Шапағат» төсбелгісі мемлекеттік марапатынан айыру туралы, ел Президентіне ұсыныс енгізілді. 

Б. Рахметова