Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру керек, - А. Аймағамбетов

AstanaTV
27.09.2019ж. 20:00
2580
Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру керек, - А. Аймағамбетов

Мектептегі сыбайлас жемқорлықты тоқтатуымыз керек! "Nur Otan" партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев, бүгін Білім және ғылым министріне шүйлікті. Депутат қазір ата-аналар жаппай ақша жинайтынын мысал етті. Осыған шара қолдануды сұрады. Жыл басыннан бері, білім саласы бойынша 69 жемқорлық ісі анықталған. Білім министрі, көп жағдайда жұмысқа алу кезінде жемқорлыққа жол берілетінін мойындайды. 

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Жұмысқа алу мәселесі бойынша, цифрландыру бойынша қазір жаңа тәртіппен мұғалімдерді жұмысқа алуды біз енгізіп жатырмыз. Жалпы, біз бұл регламентті біз өзгертудеміз.

Білім беру саласындағы жемқорлық әрекеттері Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында көп тіркелген. Қазір жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жою үшін қажетті шаралар жүргізілуде. 

Меруерт ҚАЗЫБЕКОВА, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Бүгін біз жоғары және орта білім мекемелеріндегі жемқорлықты сөз еттік. Мен жуырда осы мәселе бойынша Шығыс Қазақстан облысына бардым. Себебі ол жақта статистикасы құбылмалы болды. Бақылау кезінде байқағаным, аймақта жатақханалардың жағдайы өзекті. Облыстық білім басқармасы мәселені дұрыс зерттемеген.