Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда «Qazaqstan Jastar Fest» атты спорттық фестиваль өтті

AstanaTV
30.09.2019ж. 20:00
3018
Атырауда «Qazaqstan Jastar Fest» атты спорттық фестиваль өтті

Атырауда өткен аралас жекпе-жек бойынша әлемдік турнирге 8 елдің спортшылары бақ сынады. «Qazaqstan Jastar Fest» атты спорттық фестивалі аясында ұйымдастырлған спорт мерекесіне спорт әлемінің даңқты саңылақтары арнайы келді.

Арзат інісі Абдолла екеуі бұл күнді асыға күтіпті. Атырауда спорттық шаралар жиі өткенімен, әлемдік деңгейдегі спортшыларды көру - мереке,- дейді олар.  

Арзат МОЛДАҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Көңіл-күйім өте тамаша. Атыраулық спортшыларға жанкүйер болу үшін келдік. Бір жағынан інім айтқан соң, Хабибті көргісі келген соң. Жанкүйер боламыз Атырауға. Осындай шаралар ай сайын, жыл сайын өткізіліп тұрса, жақсы әрине.

4 күнге созылған спорт фестивалінің басты шарасы бұл. Аралас жекпе-жек бойынша әлемдік турнир. «Жайық» спорт кешенінде ине шаншыр орын жоқ. Бәрінің мақсаты - әлемнің 8 елінің спортшылары қатысқан бәйгені өз көздерімен көру.  

Сағындық МЕКЕЕВ, ҚР ПАНКРАТИОН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:   

Бұл спорт түрі бойынша Атырау спортшыларының деңгейі өте жоғары. ТМД және алыс шетел спортшыларымен өзара қарым-қатынасты бұдан кейін де жалғастыра түсіретін боламыз. Біздің жастар осы даңқты спортшылардан үлгі алып, жеңіс сатысынан көрінеді деген сенімдеміз.

Көрермендер барлығы 10 жекпе-жекті тамашалады, соның ішінде 3-і муай-тай бойынша. Спортшылар Jayyngerпромоушені бойынша үш чемпиондық белбеуге таласты. Турнирдің қорытындысымен атыраулық бес спортшы да қарсыластарынан басым түсті. 

Ринат ИБРАГИМОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:   

Бүгінгі шараның мақсаты. Қазіргі таңда облыста аралас жекпе жектер қарқынды. Жастар ызығушылық білдіруде. Сол себепті ауқымды шараны облысқа алып, осы аралас жекпе жекті кеңінен насихататйын деп.

Споршылардың қолдауға Хабиб Нурмагомедов арнайы келді. Сондай-ақ олимпиада чемпиондары Роман Власов, Тагир Хайбуллаев және белгілі қазақстандық спортшылар Максим Раков, Сергей Морозов, Дамир Исмагулов және Шавхат Рахмонов қатысты.

Б. Нәдірқызы