Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шымкентте кәмелетке толмаған бала үш баланы қақты

AstanaTV
30.09.2019ж. 20:00
3148
Шымкентте кәмелетке толмаған бала үш баланы қақты

Шымкентте көлік жүргізушісі бір бүлдіршіннің өмірін қиып, екі баланы ауруханаға түсірді. Қайғылы жағдай көлік тым аз жүретін көшелердің бірінде болды. Зардап шеккен ата-аналардың сөзінше жол жиегіне шығып кеткен автокөліктің рөлінде өрімдей жас бала болған. Айзада Төребекқызы жалғастырады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Оқыс жағдай кеше кешкісін жетілер шамасында дәл осы жерде болған. Бұл кезде бір көшенің балалары топтасып осы жерде ойнап жүрген екен. Куәгерлердің сөзінше мына жақтан жүйіткіп келген жеңіл көлік балаларды қаққан күйі бағанаға барып соқтығысыпты.

Жол жиегінде ойнап отырған төрт баланың біреуі ғана қашып үлгерген. 7 жасар бала сол жерде көз жұмған. Тағы екеуі қазір ауруханада жатыр. Жабық ми шайқалуы және сан сүйегінің сынуымен жансақтау бөліміне түскен 11 жасар Әлібек Нәдір бүгін палатаға ауыстырылды. Анасы Салтанат Сатанованың айтуынша ұлының аяғына әлі операция жасалады. Бастысы аман қалды деп шүкіршілік етіп отыр. 

Салтанат САТАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Әлібектің апасы жүгіріп кірді, қақты соседтің баласын деп айтып жүгіріп кірді, сөйтсек соседтің ғана емес біздің бала, тағы бір соседтің үш баланы соғып кеткен. Ағасының машинасын алып кетті деп айтып жатыр жұрттар. Мен білеймін өзім, мен көрген бала жас бала жүрді сол жерде. Жас бала 15-16 жасар шығар көп болса.

- Ағасының көлігі дей ма?

- Ағасының ба, әкесінің ба машинасы. 

Дәрігерлер екі баланың да өміріне қауіп жоқтығын жеткізді. Дегенмен, әлі біраз күн ем алады. 

Әбдішүкір ЕГІЗБАЕВ,  ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екінші бала Назырханов Назырхан деген ол 10 жасар бала, ол бас миының шайқалуымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы екеуінің де халі бүгінгі таңда бірқалыпты ауыр. Бірақ емдерінің бәрін алып жатыр. 

Қаза тапқан бүлдіршіннің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Ол 1-сыныпқа биыл ғана барған, отбасының зарығып көрген перзенті екен. Бұл жағдай атасының көз алдында болған. 

- Атасының сөзін скрыто жаздық көліктің жылдам келгеннен тормоз ізі де жоқ деген сөздерін орысша айтқан жерін саламын.

Қазір бұл іспен полиция айналысуда. Күдікті уақытша қамауға алынған. 

А. Төребекқызы