Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматылық дәрігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық істе Күдебаевтың қатысы жоқ, - ІІМ

AstanaTV
01.10.2019ж. 20:00
2138
Алматылық дәрігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық істе Күдебаевтың қатысы жоқ, - ІІМ

Алматылық дәрігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық іске Күдебаевтың қатысы жоқ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында осылай деді. Оның айтуынша, дәрігерлерді жауапқа тарту үшін қайтыс болған Нұрсұлтан Күдебаевтың әкесі өз лауазымын пайдаланбаған. Ведомство басшысы ақ халаттыларға тағылған айып, құзырлы органдар тарапынан жасалған қысымнан туындады деген пікірді түбегейлі жоққа шығарды. Сәйкесінше Күдебаев өз қызметінен кетпейді. Елді дүрліктірген оқиғамен қазір экономикалық тергеу қызметі айналысып жатыр.
     
Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:


Біріншіден, бұл тергеуді ішкі істер министрлігі, Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура жүргізген жоқ. Оны үшінші орган - яғни, экономикалық тергеу қызметі. Министрлік, прокуратура тарапынан қысым көрсету болған емес. Осы орган өздігінен шешім шығарды, ал санкцияны сот береді.

Уақытша тергеу изоляторына қамалған қос дәрігердің шаштары тақырлап алынған.  Кейіннен қолхатпен бостандыққа шыққан олар осыған қатысты құзырлы мекемелерге шағым түсірді. Министр ендігі ел аумағындағы күдіктілердің шашын сот шешімі шыққаннан кейін алу туралы шешім шығарғанын мәлімдеді. Үкім 30 қыркүйекте заңды күшіне енген. Бұдан бөлек, ведомство басшысы Қостанай облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары Александр Глазконың өліміне қатысты мән-жайды ашып айтпады. Тек Нұр-сұлтанға іс-сапармен келгені белгілі. Министр ол өз-өзіне қол жұмсады деген ақпаратты растап отыр.

Мутали А.