Сот жүйесінде қазақ тілінің мәртебесі жыл сайын көтеріліп келеді. Яғни мемлекеттік тілде өтетін отырыстардың саны артқан. Отставкадағы Жоғарғы сот судьясы Амангелді Рысқалиев осылай деп отыр. Бұған сот жүйесінің құрметті ардагері, Қуанышбай Қыдырбаев біраз еңбек сіңірген. Өмірінің 38 жылын сот жүйесіне арнаған ардагер бүгін 75-ке толды. Құрметті әріптес, жастарға үлгі болған судья жайында келесі бейнематериалда.
Қуанышбай Қыдырбаевты әріптестері өз ісінің нағыз шебері деп таныса, шәкірттері үздік ұстаз деп атайды. Бағлан Мақұлбеков университет тәмәмдап Талдықорған облыстық сотына барғанда, тәлімгер етіп Қуанышбай Қыдырбаевті бекіткен. Үйреткені көп, сондықтан бүгінгі жеңісім осы кісінің еңбегі, дейді.
Бағлан МАҚҰЛБЕКОВ - ҚР ЖОҒАРЫ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Менің архивімде ол кісінің жазған кейбір үкімдері әлі сақталған, 30-40 жыл. Өйткені ол үкімдердің тәжірибелік маңызы өте зор болды. Ол өте күрделі-күрделі қылмыстық істер болды. Сол арқылы біз теориялық білімімізді тәжірибеге жалғастырып, осындай маман болуға өзімізді дайындадық.
Әріптестері оның батылдығын, еңбекқорлығын айтады. Кеңес сотының 70 жылдығында оны үздік сот төрағаларының бірі деп таныған.
Амангелді РЫСҚАЛИЕВ, ОТСТАВКАДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫ:
Ол кісінің турашылдығын айта аламын мен, батылдығын айта аламын. Өз пікірі бар. Өзінің сот жүйесіндегі орны бар, лайықты орны бар. Жақсы орны бар. Мына басшы не айтып қалады, не басқа әріптестер: мынау не айтып тұр, деген ойдан ешқандай қорықпай, тайсалмай өз пікірін айтады. Сол үшін мен ол кісін қатты сыйлаймын.
Қазір құрметті еңбек демалысындағы Қуанышбай Қыдырбаев 75 жасқа толды. 4 баласы бар. Әке жолын қуған қызы да қазір Жоғарғы соттың судьясы.
Ә. Өмірзақ