Сарышаған
полигонында «Жәрдем-2016» оқу-жаттығулары басталды. 100-ден аса әскери қызметші
жұмылдырылған оқуларға Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов барды.
Ведомство басшысы әскерилердің іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамның кәсіби
даярлығын бағалады. Жаттығуларға арнайы техникалар да тартылған. «Жәрдем-2016»
оқу-жаттығулары шілдеге дейін жалғасады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА