Негізгі / Жаңалықтар / Көкталдағы жарық пен жол мәселесі шешілмек

Көкталдағы жарық пен жол мәселесі шешілмек

Бас қаладағы Көктал шағын ауданының көшелерінде жарық жоқ. Кәріз жүйесі де жолға қойылмаған. Осындай мәселемен тұрғындар Сарыарқа ауданы әкімдігіне шағымданды. "Nur Otan"  партиясы мен аудан әкімінің халықты қабылдауына жиналғандар қоғамдық көліктің де жетіспейтінін айтты. Ауыл тұрғыны Жәрдембек Сайлаухан кәріз жүйесі мен жол мәселесі де сын көтермейтініне налыды.

Жәрдембек САЙЛАУХАН, ТҰРҒЫН:

Күршім көшесінде, Жаяу Мұса, Әсем-қоңыр көшелерінде не канализация тартылмаған, не жол жөнделмеген асфальт та жоқ. Енді жылы остановка былай тұрсын, тым құрығанда салқын остановка да жоқ.

Тұрғындардың басым бөлігін Күршім көшесіндегі жол құрылысы ұзақ уақыттан бері аяқталмай жатқаны алаңдатады."Халыққа көмек" акциясы аясында өткен көшпелі қабылдау кезінде Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары қазан-қараша айларында көше бойындағы жарық мәселесі шешілетінін жеткізді.

Берік ТӨРЕБЕКОВ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол жер тапсырылмаған көше болған. Қазір басқармамен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олар жолды тапсырған соң, қалған мәселелер шешілетін болады.


Г. Утемисов

https://youtu.be/LlX0KPuliBo