Қазақстанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 87% электронды түрде жүргізілген. Бұл туралы Алматыда өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық конференциясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты. Шараға Орталық Азия мен Ресейден келген мамандар қатысты. Олар жемқорлық тәуекелдерін төмендетудегі сандық технологияның рөлін талқылады. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік қызметтердің жетпіс пайыздан астамы электронды жүйеге көшірілген. Қосымша он алтысы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында. «Бұл шаралар ішкі сыбайлас жемқорлықты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беріп отыр», - деді Алик Шпекбаев.
Алик ШПЕКБАЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл тұрғыда Қазақстанның БҰҰ рейтингісіндегі жетістігін атап өтен жөн. Біз электронды үкіметі өте жоғары деңгейде дамыған 193 елдің ішінде 40-шы орындамыз. Ал Азияда 8-орын. Сандық технологияларды қолдану, тұрмыстағы сыбайлас жемқорлықтың азаюына оң әсер етеді.
«Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстары күн сайын жүргізіледі», - деді Алик Шпекбаев. Соңғы жылдары елімізде мыңдаған IT-сыныптар ашылып, сегіз жүз мыңға жуық адам электронды коммерцияның алғышарттарын меңгерді. Сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі мұндай шараларды халықаралық ұйымдар жоғары бағалады. Сонымен қатар, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы өкілі Паула Северино Қазақстанның басқа елдерге үлгі бола алатындығына сенім білдірді.
Паула СЕВЕРИНО, ЕҚЫҰ-НЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АРНАЙЫ ӨКІЛІ:
Бүгін біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін Қазақстанның қандай шаралар қолданатындығын көрдік. Олар соңғы замануи технологиялармен жұмыс жасайды екен. Сонымен қатар, азаматтардың да бұл бағытта қосып жатқан үлесі басым. Бұл өте маңызды. Шыны керек, бұл есеп маған қатты әсер етті. Мен бұл бағытта Қазақстан өзге елдерге үлгі бола алатынына сенімдімін.
А. Асқар