Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте 5 айлық баланың шеге жұтып қойғанын кездейсоқ анықтаған

AstanaTV
08.10.2019ж. 20:00
4246
Шымкентте 5 айлық баланың шеге жұтып қойғанын кездейсоқ анықтаған

Шымкентте дәрігерлер шеге жұтып қойған 5 айлық баланың өмірін құтқарып қалды. Нәрестенің асқазан-ішек жолындағы бөгде затты мамандар кездейсоқ анықтапты.

Ата-анасы бұл жағдайдан хабарсыз. Олар ұлының ұршығын тексертуге келген. Хирургтар оның шеге екеніне көз жеткізгеннен соң да өздігінен түсуін екі аптадай бақылаған. Алайда асқазан-ішек жолынан өткен шеге нәрестенің соқыр ішегіне тұрып қалыпты. Операция кезінде алынған шегенің ұзындығы - 2 см. Дәрігерлер егер шегені дер кезінде анықтамағанда оның тұрған орны шіріп, тесіп шығу салдарынан бала өміріне қауіп төнуі мүмкін екендігін айтады.

Сұлтанғали САРЫБАЙ, ШЫМКЕНТ қ. №1 БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАЛАЛАР ХИРУРГІ:

Ота лапораспиялық тәсілмен жасалды. Бұл жерде операция кезінде электронды -оптикалық рентген аппараты көмегімен асқазан-ішек жолының бөгде затының тұрған жері нақты анықталып, балаға лапораскопиялық аппендактемия соқыр ішектің алынуы жасалынды.  Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Бала бесінші тәулікте толық жазылуымен үйіне шықты.

А. Төребекқызы