Негізгі / Жаңалықтар / Қарағандыда қоғамдық көліктерге оқ атқан бұзақы әлі табылған жоқ

Қарағандыда қоғамдық көліктерге оқ атқан бұзақы әлі табылған жоқ

Қарағандыда автобустарға оқ жаудырған қаскөйлер әлі табылған жоқ. Кеш қас қарая қаладағы аялдамалардың бірінде белгісіз береу қоғамдық көліктерге оқ атқан. Ресми мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Бірақ бір жолаушы психологиялық көмекке жүгінген. Асылбек Данияр тақырыпты сабақтайды.

Бұл видеоны куәгерлердің бірі түсіріп алыпты.  Қаскөйлер аялдамаға тоқтаған 4 автобусқа оқ жаудырған. Оқиға кеше кешкісін қаладағы аялдамалардың бірінде болды. 45-ші бағыттағы автобус жүргізушісі Ермек Сыздықов тапанша дауысын естілмегенін айтады. Тек бір жолаушының сасқалақтап автобустан шығуға тырысып жүргенін көрген.

Ермек СЫЗДЫҚОВ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:

Мұндағы әйнекте жарықшақ болды. Міне, үлкен тесік пайда болды. Жолаушылар оны ұстайды, мен оларға тиіспе деп айқайладым. Бәрі шошып кетті. Біреулер оқ  атып жатты. Содан кейін 40-шы автобус келді. Полиция қызметкерлері  де болды. Ол кезде аялдамадғы  адамдар қашып кетті.
 
Куәгерлердің айтуынша, автобус ішінде де, аялдама да да адам қарасы көп болған. Олар сол сәтте бас сауғалап жан-жаққа қаша жөнелген.

Дина ӘЛІМБАЕВА, ТҰРҒЫН:


Біз үнемі осы жерден жүреміз, балаларым да жүреді. Бұл адамдар үшін қауіпті. Бұл сондай қорқыныш. Мұны бұлай қалдыруға болмайды.

Айдана ӘУБӘКІРОВА, КОНДУКТОР:

Елестетіп көріңізші, олар бізге оқ жаудырып жатыр. Қатты қорықтық. Барлық жолаушылар жақсы, тек біреуі жеңіл соққы алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары, ер адам жеңіл соққы алған деді. Оған психологиялық көмек көрсетілген. Полиция оқ атқан күдіктілерді іздеу үстінде. Шабуылдаған адам пневматикалық қаруды пайдаланған деп отыр.

Жанатай СЕМБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған факті бойынша 293-бабы 2-бөлігі 3-тармағы «бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенді жүргізілуде.

Бұл Қарағандыдағы қоғамдық көліктерге жасалған алғашқы шабуыл емес. 2013 жылы да дәл осындай жағдай тіркелді. Одан кейін белгісіз бұзақылар екі көлікке тағы оқ атқан еді. Олар да әлі де табылған жоқ.

А. Данияр