Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ауыр халдегі Нұр-Сұлтандық науқас тегін емделеді

AstanaTV
09.10.2019ж. 20:00
2520
Ауыр халдегі Нұр-Сұлтандық науқас тегін емделеді

3 ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан елордалық Тимур Қайырбекұлы тегін емделеді.  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов науқасқа көмек беруге уәде етті. Барлық медициналық шаралар тегін жүргізіледі. Жол-көлік оқиғасына кім кінәлі? Науқастың қазіргі жағдайы қандай? Сұрақтарға тілшіміз жауап іздеп көрді.

Жол көлік оқиғасы 5-ші шілде түнгі уақытта болған.  Полиция департаменті мамандарының айтуынша, Тимур мен анасы Қабанбай батыр даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл белгісіне қарамастан жолды кесіп өтпек болыпты.  Жүргіншілерді байқамаған «Лексус» автомаркалы көлігінің жүргізушісі оларды қағып кеткен. Анасының қабырғасы сынып, баласының миы зақымданған.  Құқық қорғау мамандары қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты.

Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында болған. Омен сол жерде тиісті шаралар жүргізілді. Тергеу сараптамаларының қорытындылары дайын болған соң нақты шешім қабылданатын болады.

Қазір анасы Шолпанның жағдайы тұрақты. Ал, Тимур екі ай бойы ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер оның қай уақытта айығатынын нақты айта алмаймыз,-дейді.  Ұлттық нейрохирургия орталығының медициналық директоры науқас тағы 3 апта көлемінде дәрігерлердің қатаң бақылауына алынатынын жеткізді. 

Талғат ПАЗЫЛБЕКОВ, «ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Науқас бізге 26 тамызда түсті. Оған дейін екінші ауруханада ем алған. Жол көлік оқиғасынан ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған.  Бас сүйегінің пластикасын өткіздік. Енді қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатырмыз. Науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Оның сана-сезімі толық анды адам ретінде дұрыс жұмыс істей алмайды. Ми функциялары қатты зақымданған. Емделіп кетеді деп үміттенеміз.

Оқыс жағдай болмағанда Тимур қазір Москва техникалық университетінің 2-ші курсында болар еді. Мектепті де алтын белгімен тәмамдаған. Ұстаздары оның болашағынан үлкен үміт күтетіндерін айтады.

Қарлығаш САДЫҚОВА, О. ЖӘУТІКОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:

Ол өте сауатты, әрі білімді бала. Қазір ол сияқты дарын иелері сирек кездеседі. Көптеген олимпиадаларға, тіпті республикалық жарыстарға да қатысқан.  Мектеп атынан ол география олимпиадасына қатысты. Барлық мұғалімдер оны мақтайтын. Жан-жақты бала.

Ұлттық Нейрохирургия орталығына бас сүйек-ми ауруымен жылына 200 дей науқас көмекке жүгінеді. Олардың басым бөлігі алдын-ала тағайындалған диагноздар арқылы. Ал, оқыс оқиғалардан зардап шеккендерге алдымен №2 ауруханада операция жасалады.

Ғалымжан Өтемісов, ТІЛШІ:

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ауыр халдегі науқастардың жазылып кетуі екіталай. Ал, Тимурдың айығып кетуіне мүмкіндігі жоғары. Себебі, апатқа дейін оның интеллектуалды қабілеті көпті таңдандырған.


Ғ. Өтемісов