Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында дауыс беру басталады

AstanaTV
16.10.2017ж. 20:00
3286
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында дауыс беру басталады

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында дауыс беру екі күннен соң басталады. Яғни 18-ші қазаннан бастап азаматтар "100 esim.el.kz" сайты арқылы таңдауын жасай алады. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімін» анықтау мақсатындағы шара.

Қазір 6 сала бойынша 302 үміткер таңдап алынған. Дауыс беруші әрбір адам есімі ел тарихына қалуға лайықты деген 3 тұлғаға дауыс бере алады. Бір айға жуық уақытқа жалғасатын дауыс беруде жүйе берік қорғалған. Бір адамның екі немесе одан да көп рет дауыс беруіне жол берілмейді. Ал 100 жаңа есімі жобасында үздік шыққандар туралы деректі фильмдер түсіріліп, есімдері жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталады.

Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Елбасының «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» мақаласы шыққаннан кейін ел ішінде үлкен қозғалыстар басталды. Соның ішіндегі үлкен бір жоба - осы 100 жаңа есім. Бұл, әрине, үлкен жауапты да маңызды жұмыс. Мұның мәні сол - біз, шын мәнінде, лайықтыларды табуымыз керек.