Шығыс Қазақстан облысында "Қызыл кітапқа" енген балықтарды заңсыз аулаған балықшылар қолға түсті. Оларды тінту барысында 1 тонна балық пен 100 келі уылдырық табылған. Бұл бір ғана Марқакөл көліне жасалған тексеру кезінде анықталып отыр. Ал, Павлодарда табиғатқа 9 млн. теңге залал келтірген браконьерлер қолға түсті. «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жайлы келесі бейнематериалда.
Бұл - Марқакөл қорығының аумағы. Төбеден браконьерлердің жасырынған орнын көруге болады. Заңсыз балық аулайтындар "Қызыл кітапқа" енген аса бағалы балықтарға ауыз салған. Олар әдеттегідей әдіспен емес, темір ұшты торлармен аулапты.
Табиғат қорғау инспекторлары тұздауға дайындап қойған уылдырықтарды да тапты. Бір қызығы браконьерлер не тиеп бара жатқаны жүгінен бейхабар кейіп танытты.
Көліктерді тексеру кезінде темір тұлпардан азық-түлікпен қатар қармақ және мылтық табылды. Бұл қорық мемлекет қорғауында болғандықтан, мұнда қару ұстауға тыйым салынған. Сондықтан қаруға да хаттама толтырылды. Мамадар балықшылар 3 бап бойынша жазаланатынын айтты.
Әсет ҚИЗАТОВ, ШҚО ПД ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Екі тәулік ішінде 71 әкімшілік құқық бұзушылық аныталып және 3 қылмыстық іс қозғалып отыр. Осыған сәйкес сараптамалар жолданып , бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ал Павлодар облысында бекіре тұқымдас балықтарды аулағандар ұсталды. Олардан да балық аулауға арналған құралдар жиынтығы тәркіленген.
Алма МҰСАБЕКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:
Балықтың салмағы 35 кг құрайды. Бұл салмақ аса ірі болып саналады. Шығын соммасы 9 млн теңгені құрайды. Айту керек, ҚР аумағында жыл бойы бекіре тұқымдас балықтарды ұстауға тыйым салынған. Осы факті бойынша қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысында су қоймалыры көп Одан бөлек 3 қорық бар. Онда сирек кездесетін балық түрлері мекен етеді. Мамандар мұнда тұрақты бақылау бекеті болмағандықтан, сулардың бәрін бірдей қарау мүмкін емес деп отыр.
Ө. Қуанар