Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қостанай тұрғындары көпқабатты үйдің ауласындағы түңгі клубты жабуды талап етті

AstanaTV
10.10.2019ж. 20:00
2253
Қостанай тұрғындары көпқабатты үйдің ауласындағы түңгі клубты жабуды талап етті

Қорқор клубтың қорлығы. Қостанай тұрғындары көпқабатты үйдің ауласындағы түнгі клубты жабуды талап етеді. Даңғырлаған музыка, дарақы жастар әлеуметтің мазасын қашырған. Қаланың қақ ортасындағы сауық ордасына келушілер, аулада ойына келгенін істейді,-дейді көпшілік. Лаундж барда лаң салғандар кім? Заңғар Санай анықтап көрді.

Көк түтінге көмілетіндердің орыны дәл орталықтағы ғимаратта орналасқан. Клубпен бірнеше мемлекеттік мекеме көршілес. Тіпті бір бұрышында қалалық өртке қарсы қызмет басқармасы қасқайып тұр. Бастауыш мектеп пен Горький атындағы гимназия да осы маңда. Тұрғындар қала билігі қорқор шеккіштерге қалай рұқсат бергенін білмей дал.

Ақылбек ШАЯХМЕТ, ТҰРҒЫН:

Екі жыл болды міне. Екі жыл бойы біз әбден қиналып жүрміз. Түні бойы даңғырлаған музыка. Мына арада жаңағы сырттан келген машиналар біреуді басып кетуі мүмкін. Балаларға ойнайтын жер жоқ. Түн ішінде ішіп алып, ішіп құсып ойына келгенді істейді.


Тұрғындардың айтуынша көңіл-сауық ордасы осыдан бес- алты жыл бұрын ашылған. Екі жыл бұрын оның атауы өзгеріп, лаундж барда лаң салып, көпқабатты үйдің ауласын көп қоқыс пен төбелес алаңына айналдырған.

Әлфия ДҮЙСЕНОВА, ТҰРҒЫН:

Музыкамен қоса, бұл жерде үнемі айғай-шу, төбелес болып тұрады. Біреуді өлтіріп тастамасын деп полиция шақыруға мәжбүр боламыз. Өзім де, көршілерім де бірнеше рет полиция шақыртты. Қала билігі мен полиция осы проблеманы  шешеді деген үмітім бар.

Полицияның хабарлауынша қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қорқор клубтың қожайыны мен оған келушілерге бірнеше мәрте әкімшілік айыппұл салынған. Бірақ соңғы екі жылда тұрғындар тарапынан арыз- шағым түспепті. Тек тамыз айында белгісіз адам телефон шалып шағым айтқан. Дегенмен тәртіп сақшылары бұл маңайда күзетті күшейтңптң. Алайда апта басталғалы лаундж бар жұмыс істемей тұр.

Марат САХРАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Осы аптадан бастап уақытша жабылды. Қожайын жұмыс кестесін жалпы бардың бағытын қайта қарастырмақ. Жөндеп, ішін өзгерткелі отыр екен. Дәмханаға дені дұрыс адамдар келу үшін жағдай жасалмақ.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Расында,қорқор тартқыштардың мекені қазір жабық тұр. Тұрғындардың айтуынша қожайын аула мен клуб арасын өлшеген кезде небәрі 35 метр боп шыққан. Яғни көңіл-сауық ордасы құрылыс талаптары мен ережелеріне қайшы орналасқанында анықтады.


З. Санай