Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шенеуніктер азаматтармен кездесулерден «қашады»,- П.Казанцев

AstanaTV
11.10.2019ж. 20:30
2620
Шенеуніктер азаматтармен кездесулерден «қашады»,- П.Казанцев

Шенеуніктер азаматтармен кездесуден «қашады». Бүгін "Nur Otan" партиясының бақылау комитеті отырысында Павел Казанцев жауапсыз шенділерге шүйлікті. Ол шенеуніктерді өз қызметіне бей-жай қараудан арылуға шақырды. Тек міндеттелген жұмыстармен шектелмей, халықтың проблемасына көңіл бөлу қажеттілігін ескертті. Тақырыпты Асылбек Данияр жалғастырады.

Азаматтардың партияға деген сенімін артыру үшін, олардың өтініштеріне құлақ асып, шешу жолдарын көрсету аса маңызды. Бұл ең алдымен партия мүшелерінің жеке жауапкершілігі. Сондықтан, комитет жұмысына салғырт қараған әріптестеріне жаза қолданбақшы. Төраға Павел Казанцев Қарағанды, Маңғыстау облыстарындағы филиалдардың жұмысын сынға алды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары да жоспарланған қоғамдық қабылдауды өткізбеген.   

Павел КАЗАНЦЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Азаматтарды қабылдауға байланысты бірнеше мәселе бар. Қандай да бір адам ауданнан шенеуніктің қабылдауына келеді. Ал ол кездесуді кейінге қалдырады немесе мүлде келмейді. Бізде партия өкілдерінің қанша кездесу ұйымдастыру керектігі жөнінде арнайы қаулы бар. Сондай-ақ қабалдауға келген адам қажетті жауабын ала алмайды. Осындай жағдайлар орын алған облыс орталықтарында арнайы тексеріс жүргізіп жатырмыз. Шенеуніктер өз жазасын алады.

Жиын кезінде, халықтың мұң-мұқтажына бас ауыртпайтын партия мүшелері көптің талқысан түсті. Мәжілісмен Майра Айсина,  "партияға сеніп келген бұқараның, сенімін ақтау - ел алдындағы борымызы" деді.

Майра АЙСИНА , "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз осы жұмысқа келдік па? "Nur Otan" партиясы осы жұмысты өз мойнына алды ма? биліктің партиясы болғандықтан бәріне шыдауымыз керек. Бәрін көтеруіміз керек. халықтың мұң-мұқтажын біз естімегенде кім естиді?!

Партияның өңірлердегі қоғамдық қабылдауына өткен 8 ай ішінде 143 мыңнан астам адам өтініш жасапты. Олар негізінен жәрдемақы, баспана, жұмыссыздық мәселелерін көтерген. Арасында мемлекеттік органдарға шағым айтқандары да бар.   

А.  Данияр