Қазақ-қырғыз
шекарасында 700 тоннадай заңсыз жүк анықталды. Бұл жөнінде ақпарат және
коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Фитосанитарлық бақылау күшейтілгеніне
байланысты 105 жүк көлігі тексеріліп, 11 бұзушылық анықталған. Сондай-ақ 10
қазаннан бастап шекарада ветеринарлық бақылау қатаңдатылды. 6 бекетте бас-аяғы
32 инспектор жұмысқа кіріскен.
Айта
кетейік, 5 бірдей қырғызстандық сүт өңдеу кәсіпорнының өнімдерін ел аумағына
кіргізуге тиым салынған. Жекелеген өндірушілердің тауарларына күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді. 13
қазанда «Карасу» бекетінде азық-түлік тауарлары тиелген көлік ұсталды.
Ветеринарлық сертификатты толтыруда заңсыздыққа жол берілген, жүк иесіне 200
мың теңгеден астам айыппұл салынды.