Еуразия экономикалық одағы аясында шыққан алғашқы криптовалюта тек танымалдылық алып келеді. Ресей өз атын тарихта қалдыру үшін қимылдап бағуда. Қазақстандық экономист сарапшы Мақсат Халықтың пікірі осындай. Күні кеше Ресей ақпарат құралдары крипторубльдің пайда болатыны туралы мақалалар жариялаған. Сарапшының сөзінше, әлемдік дәрежеде қолданылатын электронды ақшаны бес-алты мемлекеттің аясында шектеу деген ұғым - мүлде дұрыс емес. Мұнан бөлек, экономист криптовалюта табысты арттырудың баламалы жолы екенін атап өтті. Ал "одақ елдерінің өз валютасынан бас тартуы" жайлы тіпті сөз қозғаудың өзі артық деді.
Мақсат Халық, экономист:
Бірінші, осы мемлекетте шықты деген ат қалады тарихта. Сол ғана... Ол құнды болып кетеді
деген кепілдікке алып келмейді. Одан кейінгі шыққан валюталар одан да құндырақ
болуы мүмкін. Электронды валюта
болғандықтан, осы Еуразиялық экономикалық елдерінде де, әлем елдерінде де
қолданыла беретін болады. Сондықтан нарық оны өзі белгілейді, қаншалықты құны
өсетіндігін, ертең биткойндарды қуалап жете ме, жетпей ме, ол валюта сұранысқа
ие бола ма, болмай ма? Барлығы екінші мәселе болып қалмақ.