$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде көп қабатты үй тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін

AstanaTV
14.10.2019ж. 20:00
2076
Ақтөбеде көп қабатты үй тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін

Ақтөбеде жаңадан салынған көп қабатты үй тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін. Тұрғындардың айтутынша, бес қабатты үйге әлі күнге дейін көгілдір отын берілмеген. Күн салқындағалы жаңа үйге қоныстанған 150 шақты адам ток пешпен жан бағып отыр. Тілшіміз Бақыт Рахметова тарқатады.

Бексұлу Оразғалиева көп балалы ана. Бұл көп қабатты үйден жаз айында үш бөлмелі үй алып, көшіп келіпті. Бірақ күн салқындағалы мазалары қашқан. Балалар аурушаң болып, үйге жасалған жөндеудің сыры кетіп жатыр дейді. 

Бексұлу ОРАЗҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Балаларға обал, ауырып ем қабылдап болып отырмыз. Енді газ бемесе білмеймін. Күн сентябрьде салқындап кетті. Балалар тоңып сабаққа барайын десе бүкіл киімдері дымқыл. Үйдің іші влажность. Ламинат көтеріліп жатыр. Обои жайлап шеттері түсіп жатыр.

Тұтас бір үйдің тұрғындары осылай өз пәтерлерінде жаурап отыр. Барлығы да пәтерлерін үлескер ретінде ақша салып алған.

Қойдулла ҒАЗИЗОВ, ТҰРҒЫН:

Білмеймін кім кіммен бөлісе алмай жатқанын әйтеуір сол таяқты біздер жеп отырмыз. Күн болса салқын. Үйіміз болса салқын. Жылу жоқ. Жылыту пештерімен отырмыз. Уже екі мың квт асып кетті жаққан.

Әкімдіктегілердің айтуынша бұл тұрғын үй әлі қолданысқа берілмеген. Жүз пайызға дайын болмаған үйге тұрғындар өз бетімен кіріп алған көрінеді.

Әлібек СЕРІКБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Мердігер мекеме нысанды пайдалануға рұқсат беруді сұрап келді. Бірақ нысанның құрылыс-монтаждық жұмыстары толықтай аяқталмаған. Сондықтан біз әзірге рұқсат бере алмаймыз.

Бұл тұрғын үйді салған мердігер жылудың жоқтығын құзырлы мекемелерден көріп отыр. Айтуынша тұрын үйді қолданысқа беруін сұрап құжаттарын мамыр айында тапсырған. Тіпті кепілхат та беріпті.

Нұрлан ҚАУСОВ,  «ЖИЛИЩЕ» ТҚК БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз бұрын кепілхатпен жұмыс жасап келдік.  Бірінші, екінші тіпті бесінші үйді солай тапсырдық.  Үш, төрт айдың ішінде біз барлық өз міндеттерімізді орындап келдік. Кепіл хаттағы міндеттерімізді орындамасақ, мемлекеттік орган бізді сотқа бере алады. Біздер әкімдікпен меморандумға да отыра аламыз. Неге екені белгісіз келісе алмай жатырмыз.  

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Десе де әкімдіктегілер халықтың жағдайын түсініп, осы аптада тұрғын үйге көгілдір отын берілетін болды. Ал тұрғын үй пайдалануға барлық құрылыс жұмыстары мен абаттандыру мәселесі шешілген соң ғана берілмек. 

Б.Рахметова