$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Республикадан іріктелген 54 жас Парламент және орталық мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтпек

AstanaTV
14.10.2019ж. 20:00
2805
Республикадан іріктелген 54 жас Парламент және орталық мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтпек

"Жастар кадрлық резерв" жобасына республика бойынша 54 жас іріктелді.  Бұл туралы "Болашақ" қауымдастығының мамандары хабарлады. Жеңімпаздар Парламент және орталық мемлекеттік органдарда екі апта тағылымдамадан өтеді. Жобаға қатысуға екі айда мыңнан аса адам өтініш берген. Мамандар бұл жастардың мемлекеттік қызметке деген құлшынысын көрсетеді деп отыр.

Лаура ДЕМЕСІНОВА, "БОЛАШАҚ" ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекеттік қызметкер деген қандай болуы керек екенін талқылап, Қазіргі кезде өзекті болып отырған эмоцианалды интеллект туралы тек тәжірибе ғана алмай, жаңа білімдерін жетілдіреді.


Дәулет КӘРІБЕК, "JAS OTAN"  "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы тағылымдамадан өту барысында олар өздерін жақсы жағынан көрсете білуі керек. Өз қабілеттерін сата біліп, бәсекеге қабілеті жоғары екенін дәлелдеу арқылы армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Биыл "Жастар кадрлық резерв" жобасына 10 жыл толды. "Жас Отан" жастар қанаты төрағасы Дәулет Кәрібек мемлекеттік қызметтен бөлек "бизнес және қоғамдық қызметте басқарушылардың генерациясын қалыптастыру қажет" деді.

Ғ. Өтемісов