Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда ұлттық спортты ұлықтаған қос турнир мәресіне жетті

AstanaTV
14.10.2019ж. 20:00
2458
Атырауда  ұлттық спортты ұлықтаған қос  турнир мәресіне жетті

Атырауда  ұлттық спортты ұлықтаған қос  турнир мәресіне жетті. Халықаралық «Дарабоз» және республикалық «Алтын тұлпар» сайыстары аясында 10 түрлі спортан тартысты дода өтті. Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынды. Оған  «Нұр-Отан» партиясы қолдау көрсетті.

Жауынға қарамастан нағыз тұлпарлар додасын тамашалауға келген атыраулықтарда есеп жоқ. Жұртшылық бәйгемен бірге,  аударыспақ, көкпар, теңге ілу, бәйге, жамбы ату, тазылар жарысы сынды төл ойындарымызды тамашалады. 

Зәуреш ҒАБИТОВА, КӨРЕРМЕН:

Ұлттық спорттың ұйымдастырылуы, бұл деген, халықтың арасындағы татулық, бірлікке шақырады. Спорттың өзі достыққа шақырады ғой. 

Алдымен құнан бәйге, тоқ бәйге,  кіші аламан көптің көңілінен шықты. Дегенмен 51 шақырымдық  аламанды жиналғандар тағатсыздана күтті.  Бұл жарысқа елдің түкпір-түкпірінен 40 тұлпар әкеленген.  

Қайырбек БАЙМҰРАТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ «БӘЙГЕ» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақ қаным, жылқы жаным жеп өскен халықпыз. Осы ұлан байтақ жерді Алла Тағала бізге жылқымен бірге сыйға тартты. Сондықтан бұл біздің еншілес шарамыз бәйге.


Нұрсұлтан ИБРАГИМОВ,  ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ  БАС ХАТШЫСЫ:

Ертеңгі күні біз осы атжалын тартып мінген қазақ баласының өнерін көрген кез келген азамат, мұны бір ерекше отансүйгіштікке, жерін жақсы көруге, халық сүюге тәрбиелейді деген үлкен үмітіміз бар.


Мәре сызығын алғаш кескен қызылордалық «Қоянқасқа», «Алтын тұлпар» атанды. Ат иесі 10 млн теңгеге ие болды. Екінші және үшінші орын Жамбылдық сәйгүліктерге бұйырды. 51 шақырым бойынша бас-аяғы 9 орынға жүлде табысталды.

Ғалымнұр НОҒАЙБЕК, ШАБАНДОЗ:

Шауып жүргеніме 3 жыл болды. 3 жылдан бері қарай 21 машина ұттым. Бір квартира ұттым. Міне биылғы «Алтын тұлпарды» да ұттым.

Ұмытылып бара жатқан ұлттық спорт мерекесінің қайта жаңғыруына билік партиясын «Nur Otan»мен облыстық әкімдік ұйытқы болды.


Б. Надирқызы