$494.87 €520.65 ₽4.91
×

И. Аронова: Тәрбиеленушілер жетімдер үйінде 29 жасқа дейін тұруы тиіс

AstanaTV
16.10.2019ж. 20:00
2898
И. Аронова: Тәрбиеленушілер жетімдер үйінде 29 жасқа дейін тұруы тиіс

Балалар үйінің тәрбиеленушілері жетімдер үйінде 29 жасқа дейін тұруы тиіс. Мұндай ұсынысты мәжіліс депутаты білдірді. Ирина Аронова депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа жолдады. 18 жастан кейін жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар материалдық тапшылықтан түрлі қылмыс жасайды. Депутаттың айтуынша, олардың баспаналы болу мәселесі де өз шешімін таппаған. Бүгінде үй кезегінде тұрған 61 мыңнан астам жеткіншек бар болса, оның тек 3 жарым мыңы ғана пәтерге қол жеткізген.

Ирина АРОНОВА,   ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды үй кезегіне тіркеу жұмыстары жүйелі жүргізілмейді. Мәселенің шешімі ретінде - тәрбиеленушілердің 29 жасқа дейін жетімдер үйінде тұруы немесе оларға арнайы мемлекеттен жатақхана берілуі тиіс. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі облыс, аудандарда осы санатқа жататын азаматтарды ерекше қамқорлыққа алуы қажет.

Ә. Асқар