$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда үлескерлер тұтыну кооперативтерімен соттасып жатыр

AstanaTV
17.10.2019ж. 20:00
1914
Қостанайда үлескерлер тұтыну кооперативтерімен соттасып жатыр

Қостанайда тұтыну кооперативі қаржы пирамидасымен айналысты деген күдікке ілікті. Үлескерлер талап-арызын қарастырған қалалық сот жеке ұйғарым шығарып, прокуратураға жолдады. Шаһардағы екі кооперативке елуге тарта адам ақша салған. Енді тұрғындар баспаналы болу үшін төлеген алғашқы жарнасын кері қайтарып алғысы келеді. Заңғар Санай сабақтайды.

Алена Көшербайқызы тұтыну кооперативі арқылы тезірек баспана алу алғашқы жарна ретінде бір миллион алты жүз мың теңге төлеген. Келісім-шартқа сәйкес үлескер үш айдың ішінде үйлі болуы  керек еді. Алайда пәтер түгілі, қомақты қаражатын бір жылдан бері қайтара алмай жүргенін айтады.

Алена  ЖАНҚАЛЫШЕВА:

Енді күтіп жүрмін. Ары қарай не боларын білмеймін. Қайда барып шағымданамын. Қалалық сот түгілі, облыстық сотта жеңіп шықтым ғой. Президентке дейін бармайтын шығармын енді.

Қалалық сотқа елуге тарта адам талап-арыз түсірген. Олар Қостанайдағы «Жаңа үй 2017» және «Үздік таңдау 2018» тұтыну коопертивіне төлеген жарнасын қайтарып алмақ. Арасында екі миллионнан астам ақша салғандар бар.

Асқар ӘБІЛҚАЙЫР, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

«Үздік таңдау 2018» кооперативіне келер болсақ, сот қаржы пирамидасын қарады. Сондықтан жеке ұйғарым шығарып, прокуратураға  жолданды. Ендігі процессуалдық шешімді солар қабылдайды.

Ешмұхамет ШІКТІБАЕВ, ҚОРҒАУШЫ:

Бірінші келген адамға оның берген ақшасы өзіне жетпейді. Оған пәтер алу үшін екінші, үшінші, төртінші адамның төлеген ақшасы ғана пәтерге кетеді. Сонда қалған үш адамға пәтер алу үшін тағы бір сегіз, тоғыз он адам керек. Аяғында біраз адам пәтер ала аламай қалатыны белгілі.

Қос коопертивтің біріншісі екі жыл, екіншісі бір жыл жұмыс істеп келеді. «Жаңа үй 2017» деп аталатыны екі жылдың ішінде елуден астам адамға үй алып бергенін, тағы сексені кезекте тұрғанын хабарлады. Олар үнемі тексеріс болғандықтан үлескерлер көп күтіп, көбісі шыдамай шығып кетіп жатыр,- дейді. 

Роза КУЗНЕЦОВА, ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНІҢ ӨКІЛІ:

Бреуге осылай шу шығару керек боп тұрған шығар. Әйтпесе  біздің үлкескерлер кезегімен үйлерін алып жатыр. Былтыр тексеріс болып, түгел құжаттарды алып кетті. Сосын желтоқсан айында тоқтатты. Бәрі жақсы, әрі қарай жұмыс істеңдер деді. Енді қайтадан іс қозғап, бәрін шақыртып, кооперативтен шығуға мәжбүрлеп, күштеп жатыр.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:


«Үздік таңдау 2018» коопертивінің төрағасы түсірілім тобын жанына жолатпай қойды. Ешқандай ақпарат айтпады. Үлескер Алена Көшербайқызының айтуынша, бұл кооперативке үш жүзден астам адам алғашқы жарна төлеген. Сотқа жүгінгендер арасында Теміртау, Көкшетау секілді өзге де шаһар тұрғындары да бар көрінеді.


З. Санай