Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Молефисента 2: Түнек әміршісі" фильмі қазақ тілінде сөйлейді

AstanaTV
17.10.2019ж. 20:00
9240
"Молефисента 2: Түнек әміршісі" фильмі қазақ тілінде сөйлейді

Қазақ тілінде дубляждалған фильмдер қатары тағы бір туындымен толықты. Бүгіннен бастап барлық кинотеатрда "Уолд Дисней" компаниясының "Малефисента 2: Түнек әміршісі" туындысы халыққа ұсынылады.Фильм "Болашақ" корпоративтік қоры мен "Меломан" компаниясының бастамасымен "Өзіңнен баста" жобасы аясында дубляждалды. Фильмнің алдын ала көрсетілімі Нұр-Сұлтан қаласында "Nur Otan" партиясының қолдауымен өтті.Асылбек Данияр алғашқы көрсетілімге барып келді.

Көрсетілім алдында сөз алған Бауыржан Байбек, 1993 жылдан бастап Елбасының Жарлығымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асып жатқанын айтты. Бағдарламаның арқасында қарапайым отбасынан шыққан көптеген жасқа шет елдердегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып келеді.

Бауыржан БАЙБЕК , «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Адам боламын десең, халқыңа қызмет етемін десең ең бастысы, ол-ана тіліңді білу.  Мәселе тілде емес тек қана. Салт-дәстүрде, мәдениетте, үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқорлық көрсету. Сондықтан, қазіргі таңда 10 мыңнан астам қазақстандықтарымыз  , жас балаларымыз шетелде оқып келген осы жоба арқылы біз жастарымызға айтарымыз, ең басытысы мемлекет маған не жасайды деп сұрамай, өз қолыңа алып, өзіңнен бастау керексің.

Фильмнің алдын ала көрсетіліміне келген халық қарасы көп болды. Көрермендер аудиториясы 6 жастан асқан баларды қамтиды. Голливудтық киноны "ERG" компаниясы қазақ тілінен аударуға демеушілік жасаған. Компания өкілінің айтуынша, дубляжды қаржыландырудан бөлек, 5 қалада басқа дубляжданған фильм көрсетілімі өтті.

Талғат ТӨРЕБЕКОВ, ERG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

500-ден астам жеткіншектер қатысты. Олардың көпшілігі балалар үйінің тәрбиеленушілері, отбасы төмен балалары бар аудитория болды.

Дубляж кастингіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларынан 40-тан астам актер қатысқан. Фильмдегі Джон Патшаға дыбыс жасаған - Бекболат Құрманғожаев фильмнің балаларға беретін тәрбиесі мол дейді.

Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АКТЕР-РЕЖИССЕР:

Қай фильмде болмасын жамандық пен жақсылық, зұдлымдық пен жақсылықтың арпалысуы сол тұрғыдан келгенде қазірден бастап, біздің жеткіншек болашақ, жақсылық пен зұлымдықты ажырата білсе, болашақта өмір сүру жеңілдеу болады.

Мемлекеттік тілді дамытуда жүзеге асырылған шара әлі де жалғасын таппақ. Мұндағы басты мақсат - қазақ тілді аудиторияны кеңейтіп, ана тілге деген құрметті арттыру.

А. Данияр