Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды қаласында көлік апатынан 12 адам жарақаттанды

AstanaTV
18.10.2019ж. 20:00
1733
Қарағанды қаласында көлік апатынан 12 адам жарақаттанды

Қарағанды қаласында көлік апатынан 12 адам жарақаттанды. Оның біреуі - бала. Бақытына орай жапа шеккендердің денсаулықтарына ауыр зақым келмеген. Бұл туралы облыстық  денсаулық сақтау басқармасының мамандары хабарлады.

Ерік ШОНБАЕВ, Х. МАҚАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖІНЕ ОРТОПЕДИЯ ЕМХАНАСЫ ЖАҒДАЯТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:


Барлығы 12 адам жарақаттанды. Оларды 6 жедел жәрдем бригадасы облыстық медицина орталығы мен травматология емханасына жеткізген болатын. Қазіргі таңда 10 адам жеңіл жарақат алғандықтан үйлерінде емделуге жіберілді. Бір науқас мұрны сынғандықтан ауруханада жатыр.

Көлік апаты 1-2 сағат бұрын болған. Қала орталығындағы Бұқар жырау даңғылында «Хонда» маркалы көлік жүргізушісі жолаушы автобусына жол бермей, екі көлік соқтығысқан. Апат кезінде қоғамдық көлікте 30 адам отырған. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

А. Қуаш