$494.87 €520.65 ₽4.91
×

2020 жылдың соңына дейін 828 ауылға сапалы интернет тартылады

AstanaTV
18.10.2019ж. 20:00
3518
2020 жылдың соңына дейін 828 ауылға сапалы интернет тартылады

Биыл Қазақстан бойынша 308 ауылға ғаламтор желісі тартылады. Интернетке қолжетімділікті арттыру жұмыстары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Мамандардың мәліметінше, елді мекендер 4G (джи) және талшықтық-оптикалық желілермен қамтылады. Ал келер жылдың соңына дейін 828 ауыл мен мемлекетік органды интернетке қосу көзделген. Осы мақсатқа  «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы - Қазақстанның Даму Банкі 26,7 млрд тенге көлеміндегі несие берді.

Жыл соңына дейін Қазақстан бойынша 308 ауылға жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі тартылады. Ал келер жылы тағы 520 елді мекен интернетке қосылады. Бұл жұмыстарды әуелі Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе облыстарында жүргізу жоспарланып отыр.

Қуанышбек ЕСЕКЕЕВ,  «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Ауылдарды, мемлекеттік органдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында іске асады. Біздің көбіміз қалада тұрамыз. Сондықтан 4G жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі барлығына қолжетімді. Ал ауылдық жерлерде мұндай жағдай жасалмаған. Егер жұмыстар жоспарға сай орындалса, елді мекендердегі білім, денсаулық сақтау салалары қарқынды дамиды.

Ғаламтор желісін тартуға жұмсалатын қаржыны «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы - «Қазақстанның Даму Банкі» Акционерлік қоғамы несие ретінде ұсынды. Сондай-ақ, қосымша жұмыстарға «Қазақтелеком» өз тарапынан 31,1 млрд. теңге бөледі.

Абай САРҚҰЛОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

26 млрд 700 млн несие бөлініп жатыр. Бұл несиенің мерзімі 13 жыл. 15 мың км оптикалық-талшықты желілер Қазақстан бойынша тартылады. 800-ден астам ауылға интернет тартылады.

Жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылға қарай тұтастай алғанда электронды қызметтер 80%, ал интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 82%-ға жетеді деген болжам бар.

Ә. Асқарұлы