$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды

AstanaTV
21.10.2019ж. 20:00
3790
Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды

Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды. Жарым жан балалар интернатының 24 жастағы тәрбиеші, дефектолог маманы сабақ бере жүріп психотроптық заттар саудасымен айналысқан деген күдікке ілікті. Қоғамды елең еткізген аты шулы іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр. Айта кетейін, күдікті  Айжан Қуаш баяндайды.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

24 жастағы мұғалім аса ірі көлемде психотропты және есірткі заттарын сатып алу, сату, тарату және сақтау секілді Қылмыстық Кодекстің бірнеше баптарымен айыпталып отыр. Мұндай айыптармен ол 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Жас маман есірткі саудасымен айналыса жүріп мектепте жұмыс істегенін мойындады. Тіпті отырыста марихуана мен гашиштің дәмін татқанын да жайып салды .

Айыпталугының сөзіне сенсек, ол есірткі саудасына өткен жылы қараша айынан бастап табыс табу мақсатында кіріскен. Психотроптық заттарды интернет арқылы тапсырып, Мәскеуден поштамен алыпты.
 
Бекзат ӘШІРБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:

Ақберген Төлепбергенов өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін интернет арқылы есірткі сатушылардан ЛЗД, НБОМИ психотроптық заттарын тапсырыспен алған. Кейін интернет канал ашып, әлеуметтік желі арқылы оларды 7, 10, 12 мың теңгеден сатқан. Бұл туралы прейскурантын да жариялаған.

 
Тергеу материалдарына сүйенсек, мектеп мұғалімі тауарын әлеуметтік желі арқылы сатып, тұтынушымен келіскен мекен- жай мыңан көміп кетіп отырған. Сатып алушыларды көрмегендіктен олардың арасында балалар бар-жоғын білмейді. Дегенмен, бүгін сотқа қатысқан куәгерлер есірткіні не үшін қолданғандарын айтты.

КУӘГЕР:


Бастабында ауыз қуысы жансызданған сияқты болады. Сосын есірткінің әсерін алдым. Неігізі сексуалдықты арттырады деп естіген соң қолдандым.


Мектеп мұғалімінің кінәсін дәлелдеу оңайға соқпаған. Биыл наурыз айында күдікке ілінген ол 4 айдан соң ғана жалған тұтынушы арқылы ұсталған. Алайда, педагогтың түздегі қылығына мектеп ұжымы әлі сенбейді. Облыстық тірек- қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған интернатта жас маман 2 жыл бойы дефектолог, әрі тәрбиеші болып жұмыс істепті. Биыл тамызда өз еркімен жұмыстан кеткенін айтты.

Гүлнәр ҚЫРҒЫЗБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТІРЕК- ҚИМЫЛ АППАРАТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНАТ ДИРЕКТОРЫ:

Ол мұғалім белсенді, жұмыста жауапты, беделді болатын. Оның үстіне барлық мұғалімдер әр оқу жылында наркологиялық, психоневрологиялық тексеруден өтеді. Бұл педагог ешқайсында есепте тұрмаған.
 
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Сотта куәгерлер есірткі заттардың құны қолжетімді, 7 мыңнан 13 мыңға дейін бағаланғанын айтты. Әрі интернет арқылы оларды оп- оңай сатып алған. Соған қарағанда тұтынушылардың арасында кәмелетке толмағандардың болуы да ғажап емес. Ол жағын тергеу анықтай алмай отыр.

 А. Қуаш