$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада жәрмеңкелер маусымы аяқталды

AstanaTV
21.10.2019ж. 20:00
2827
Елордада жәрмеңкелер маусымы аяқталды

Елордада апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінің маусымы аяқталды. Демалыс күні Солтүстік Қазақстан облысы шаруаларының өнімі бас қалада саудаланды. Бұл шара отандық тауар өндірушілерді қолдап, әрі тұрғындарға нарықтағыдан төмен бағада азық-түлік ұсынып келеді. Бас қалаға биылғы жылы шаруалардың өнімдерін жеткізуге 14 облыс атсалысты. 30-ға жуық жәрмеңке ұйымдастырылып, 1200 тоннадан астам азық-түлік жеткізілген. Атап айтқанда, сауда сөрелеріне 700 тонна ет, 300 тонна сүт өнімі мен 2 мың 500 тонна көкөніс қойылған. Жәрмеңке маусымына келген астаналықтар саны айтарлықтай көп болды.

БЛИЦ:

Бағалары көңілге қонымды. Еттері де, тауарлады да жақсы. Ризамыз.

БЛИЦ:

Өте жақсы, қажет барлық азық-түлігімізді алып келе жатырмыз. Біздің басқа базарлармен салыстырғанда, бағалары төмен шамалы.
-қаншалықты?
-бір 200-300 теңге болса керек.


БЛИЦ:

Сол жәрмеңкеге келдік. Солтүстік қазақстандық тауарлар келеді дегеннен кейін. Сол немелерімізге, балаларымызға тамақ алып кетіп бара жатырмыз.

Ә. Мүтәлі