Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Сириядан қайтарылған азаматтардың ісі сотта қарала басталды

AstanaTV
22.10.2019ж. 20:00
2268
Сириядан қайтарылған азаматтардың ісі сотта қарала басталды

«Жусан» арнайы операциясымен елге қайтарылған ер азаматтардың ісі сотта қарала бастады. Айыпталушы 14 адам. Оларға Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» лаңкестік ұйымының құрамында болып, қарулы қақтығыстарға қатысты деген айып тағылып отыр. Қауіпсіздік шараларына сәйкес, іс сот ғимаратында емес, түрмеде қаралды. Сириядан «жұмақ» іздегендердің ісі туралы Әлихан Асқарұлы тарқатады.

Бұл ел астанасындағы қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «ЕЦ 166-да 10» мекемесі. Бүгін бұл маңда сақтық шаралары әдеттегіден де күшейтілген. Қара бетперде киген арнайы жасақ өкілдері маңайды торуылдап жүр. Өйткені жабық мекемеде Сириядан елге қайтарылаған азаматтардың ісін сот қарайды. Сырттан келген туыстары да арнайы тізіммен ғана ішке өтіп жатты. 
 
Әдетте сот отырысына айыпталушы жеткізелетін болса, бұл жолы түрмеге сот төрағасы келді. Одан бөлек 12 адвокат келген.

Әділхан ШАЙХИСЛАМОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Қазақстан қылмыстық кодексінің 174, 257 бабына сәйкес, 256 бабына сәйкес іс қаралады.

Сот ісін тыңдау процессіне әкелінген айыпталушы саны -13. Біреуі Сирияда алған жарақатына байланысты қазір ауруханада жатқаны белгілі болды. Сот барысында онымен бейнебайланыс орнатылды.

Ауруханада жатқан айыпталушының туысы:

Жарақат салдарынан ол сал болып қалды. Дене мүшесінің 30 % ғана жан сезеді. Ауруханада ешқандай медициналық көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Мамыр айында елге оралғаннан бері сол жерде, кездесуге рұқсат бермейді. 

Айыпталушылардың ісі терроризмдi насихаттау, экстремистік әрекетке қатысу, жат ағымды дәріптейтін топ құру фактісі бойынша жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Сириядан қайтарылған 10 ер адам мен 5 әйел әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған болатын.

Ә. Асқарұлы