Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мәжілісмендер елдегі "қос билікке" қатысты пікір білдірді

AstanaTV
23.10.2019ж. 20:00
1942
Мәжілісмендер елдегі "қос билікке" қатысты пікір білдірді

Мәжілісмендер елдегі «қос билік» түсінігін жоққа шығарды. Олар Президенттің кейбір министрлер мен облыс әкімдерін тағайындағанда неліктен Қауіпсіздік кеңесімен ақылдасатынын түсіндіріп берді. Айта кетейін мемлекет басшысы 2019 жылдың 9 қазанындағы «Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы, қоғамда резонанс тудырған болатын.

Нұржан ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Конституция бойынша Президент өзі шешім қабылдайды. Бірақ қауіпсіздік кеңеспен, кеңестің төрағасымен біраз мәселелер кеңесіп, сол мәселе қабылданады. Қауіпсіздік кеңесі бір адамнан ғана тұрмайды ғой. Ол жерде мемлекеттеің басшыларының бәрі қауісіздік кеңеске кіреді. Сол кеңестің ішінде ақылдасып, осындай шешімдер қабылданатын болады.

Депутат Нұрлан Әбдіров Приездент кейбір министрлерді өзі тағайындауға құқылы екенін айтты. Ішкі, Сыртқы істер жөніндегі, Қорғаныс министрлік басшыларын Қауіпсіздік кеңестің көмегіне жүгінбей-ақ бекіте алады деді.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Президент әскери бас қолбасшы. Әскери бас қолбасшы. Сол себепті жаңағы атап отырған екі министрлік ол Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі тікелей әскери бас қолбасшының астында.

Ә. Өмірзақ