Негізгі / Жаңалықтар / Алматылық тұрғындар жалға берілетін баспана құнының қымбаттығына шағымдануда

Алматылық тұрғындар жалға берілетін баспана құнының қымбаттығына шағымдануда

Жалға берілетін баспана бағасы қымбаттады. Әсіресе Алматыдан бір бөлмелі пәтер жалдау үшін жоқ дегенде 90 мың теңгесіз болуы керек. Сарапшылар бағаның бұлай құбылауына ипотеканың қол жетімді болмай отырғаны - негіз,- деді. Әсем Лесбек жылжымайтын мүлік нарығына талдау жасап көрді.

Алматы облысының тұрғыны Гүлнәз Жұмахан, қалада жұмыс істейді. Ол жұмысқа бару үшін жолға 3 сағатын жұмсайды. Шеткі ауданда тұратын ол жарты жылдан бері орталықтан жалдамалы пәтер іздеп жүр. Бірақ бір бөлмелі баспанаға қалтасы көтере емес.

Гүлнәз ЖҰМАХАН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жұмысқа жақын жерлерден пәтер іздегенмін, қарадым көп жерлерде қымбат 130-150, 100-дің үстінде. Бір айға 100 мыңның үстінде пәтерге төлейсін, коммуналкасы бар барлығы қалтаға ауыр түседі. Көп пәтерлерге хабарлассаң өтіп кеткен немесе риэлторлар болып жатады. Пәтер иесі емес көбінесе олар өзі тауып бергені үшін өзіне ақша алады.

Осы тұрғыда риэлторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко, жарнама беретіндер көбіне жалған риэлтор дейді. Сарапшы пәтерді жалдау кезінде сараңдық танытпаған жөн деп отыр. Ал баға 90 мың теңгеден төмені жоқ екенін мойындайды. 

Нина ЛУКЬЯНЕНКО, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РИЭЛТОРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:


Соңғы екі жылда бағаның өскендігі байқалады. Бұдан 2-3 жыл бұрын 1 бөлмелі пәтердің,  30 шаршы метрі 60-80 мың теңге болса бүгінде 90 мың теңгені көрсетіп тұр.


Жалға берілетін пәтер құны құбылып тұрғандығын ғаламтордағы сайттардан да аңғаруға болады. Мұндағы баға ең алдымен, орналасқан жеріне байланысты өсіп отырады. Орталыққа неғұрлым жақын болса, соғұрлым қымбат. Пәтер эурожөндеуден өткен болса ол баға стіне баға қосады.

Ең қымбат пәтерлердің үштігіне Медеу ауданындағы жеті бөлмелі пәтер кіреді. 500 шаршы метр аумақты қамтитын пәтерлерде джакузи, терраса және бірнеше жатын бөлмелер бар.  Бағасы айына 2 миллион теңге. Жалпы қаланың жоғарғы бөлігіндегі бес бөлмелі пентхаустар 300 мың теңгеден басталады. Ал ең қымбат пәтерлер Әл-Фараби даңғылындағы  «Esentaі» аумағында орналасқан. Мұндағы үйлерді бір айға жалға алу құны 2,5 миллион теңгеден басталады.

Сарапшылардың пайымынша, қарапайым тұрғындар үшін ипотека салмақ салады. Сондықтан жалдап тұру қолайлы юоолып отырғанын жеткізді.

Нина ЛУКЬЯНЕНКО, РИЭЛТОРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазіргі таңда тұрғындар үшін пәтер сатып алудан гөрі оны жалдап тұру тиімдірек болып тұр. Өйткені пәтерді сатып алу қымбатқа түседі. Ал несие немесе ипотекаға алайын десе бастапқы жарна болуы керек. Соның себебінен қазір қалада жалдамалы баспаналарға сұраныс жоғары.


Сарапшылар жылжымайтын мүліктің бағасы нарықта сатуға да, жалға алуға да тиімді ұсыныстар түскенге дейін өсе беретініне сенімді .

Ә. Лесбек