$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шекарашылар Атырауда менингококктан қайтыс болған сарбаздың бірнеше күн ауырғанын жоққы шығарды

AstanaTV
28.10.2019ж. 20:00
3375
Шекарашылар Атырауда менингококктан қайтыс болған сарбаздың бірнеше күн ауырғанын жоққы шығарды

Атырауда менингококктан қайтыс болған шекара қызметі сарбазының денесі туған жері Қызылорда облысына жөнелтілді. 19 жастағы жігіттің әскерге келгеніне бар-жоғы 8 күн болған. Дәрігерлер оның бірнеше күн ауырғанын айтса, шекарашылар бұны жоққа шығарып отыр. Атыраудан тілшіміз Базаргүл Нәдірқызының репортажы.

Сарбаз Атыраудағы 20/16 әскери бөліміне 19 қазан күні келген. Араға бір апта салып, облыстық ауруханаға жоғары температурамен түсіпті.  Ақ халаттылар жас жігітті аман алып қала алмады.

Рафхат ҚАНАТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ:

Науқас ауыр жағдайда жеткізілді. Қабылдау бөлімінде және жан сақтау бөлімінде  тіиісінше емін алды. Ауру тарихына қарағанда ол науқас 4 күн ауырған екен.  Алғашқы диагнозы менингит диагнозы қойылды. Жантау бөлімінде тиісінше ем қабылдауына қарамастан  науқас 5 сағаттан кейін дүниеден озды. Бұл менингиттің молиносный форма деп аталады. Өте жылдам және жедел ағымда өтетін  ауру болып саналады.

Мамандар менингокок жұқпасының инкубациялық кезеңі 3-10 күн аралығында,- дейді. Сондықтан сарбаз ауру тасымалдаушы болуы мүмкін деп болжайды. Қаза тапқан сарбаздың денесі сот-медициналық орталығына әкелген мамандар жас жігіттің бірнеше күн ауырғанын жоққа шығарды.

Асқар БОЛАТОВ, ШЕКАРАШЫ: 

Шекара қызметінің ресми сайты бар, ресми баспасөз қызметі бар, соған хабарлассаңыздар, бәріне солар жауап береді. - Областной больницаға дейін 4 күн ауырып қалды деп естіп едік. Ондай болған жоқ. Біздің тараптан бәрі уақытында істелді. Осында әкелінді.

Ал бақытсыз жағдайдан соң сарбазбен байланыста болған әскери қызметшілер тексерістен өткізілген.

Гүлнафис ТАҢБАЕВА,  АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Әскери бөлімшеге барып, сол жердегі сарбазбен қарым-қатынаста болған 130 адам қаралды. Оның ішінде 54 сарбаздан жедел-респераторлық инфекция клиникасы бар деп табылып, оларға алдын алу мақсатында антибиотикалық терапия тағайындалды. Бүгінгі күні барлық әскери бөлімшедегі сарбаздардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Шекарашы болуды армандаған тепсе темір үзер жігіт бүгін табытпен туған жеріне жөнелтілді. Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас жігіт ант қабылдап та үлгермепті.

Б. Надирқызы