$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елорладық мектеп мұғалімдері 437 мың теңгеге дейін жалақы алып отыр

AstanaTV
29.10.2019ж. 20:00
1959
Елорладық мектеп мұғалімдері 437 мың теңгеге дейін жалақы алып отыр

Елордада 437 мың теңге жалақы алып отырған мұғалімдер бар. №54 мектеп-лицейі басшысы Шәкәрім Сейсенбаевтың айтуынша, аптасына 39 сағат білім беретін ұстаздардың еңбекақысы осындай соманы құрайды. Мұндай мүмкіндікті әлеуметтік серіктестікпен бірге қолға алған пилоттық жоба беріп отыр. Бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов осы білім ошағының жұмысымен танысты. Мектеп- мемлекеттік бюджетке алақан жайып отырған жоқ. Соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталып, коворкинг орталығын іске қосқан. Бұл арқылы қосымша үйірмелерді ақылы жүргізіп, мектеп бюджетінің кірісін арттырып отыр. Алайда, жоба авторлары қосымша дәріске мұқтаж оқушылардың әлі де көп екенін айтады. Мектеп екі ауысымды болғандықтан, барлығын қамту мүмкін емес.

Жаңа жүйе оқушылардың да жағдайын қарастырған. Мектепте 4 сабақ сайын 20 минуттық үзіліс енгізіліпті. Білім ошағында ұстаздардың пәтерге қол жеткізу мәселесі де назардан тыс қалмайды. Бүгінде 15 мұғалім баспанамен қамтылған.

Шәкәрім СЕЙСЕНБАЕВ, №54 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Финансовый грамотность бойынша мұғалімдерімізге семинар тренинг өткіземіз. Үй алу мәселесіне де көмектьерімізді көрсетеміз. Тек қана мұғалімдерімізге емес. Ата-аналарымызға да жүргізудеміз.    Нұр-сұлтан қаласында 87 мектеп бар болса, соның бәріне ондай серіктестік табыла қоймайды. Шынында қарайтын болсақ.

А. Мутали