Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодар облысында 19 мың жұмыс орны бос тұр

AstanaTV
30.10.2019ж. 20:00
1854
Павлодар облысында 19 мың жұмыс орны бос тұр

Павлодар облысында жұмыссыздардың санынан жұмысберушілер көп. Кәсіпкерлер өздеріне қажетті жұмысшы мамандарды таба алмайтындарын айтады. Өйткені, адамдардың көбісі  қара жұмыс істеуге құлықты емес. Ал электронды еңбек биржасында 19 мыңдай бос жұмыс орны бар. Тақырыпты Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Никита  - 20 жаста. Биыл ғана қаржыгер мамандығын тәмамдаған.  Алайда, осы уақытқа дейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмапты. Оған тәжірбиесінің жоқтығы себеп болған. Қазір жастар тәжірбиесі бойынша тағылымдамадан өтіп жүр.

Никита МАКСИМЕНКО, ЖҰМЫССЫЗ:

Көбінде өзім түйіндемемді алып, жұмыс іздеуге шығам. Алайда, жұмыс берушілер тек жоғары білімі бар мамандарды ғана алатынын айтады. Мен колледж бітірдім. Сондықтан, банктер жұмысқа қабылдағылары келмейді.


Никитаның туғанынан аяғы сыр берген. Сондықтан жас жігіт ауыр жұмысқа жарамайтындығын айтады. Алайда, жұмыс берушілер жастардың көбісі жалқау деп отыр. Өйткені,  құрылыс заттарын сатумен айналысатын Андрейдің  дүкеніне жүк тасушы іздеп жүргеніне 6 жыл болыпты. Тұрақты жұмысқа 100-ден астам жас келіп, жұмысқа шыдамай кетіп қалыпты. Кәсіпкердің айтуынша,  жүк тасушыға орташа есеппен 150 мың теңге айлық төленеді екен.

Андрей ЮРЬЕВ, ЖҰМЫСБЕРУШІ:

Мұнда жұмысқа келетін жастардың көпшілігі шыдамсыз. Оларға бірден  аз жұмыс істеп, мол ақша таба алмайтындығын айтып түсіндіре алмадым. Бұл мен үшін номері бірінші мәселе болып тұр. Өйткені, көпшілігінің бірдеңе үйреніп, жұмыс істегілері келмейді.

Ал Павлодар қаласының өзінде  2500-ден астам бос жұмыс орны тіркелген.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Мамандардың айтуынша, Павлодар облысында жұмысшы мамандықтарына сұраныс өте жоғары. Әсіресе, дәнекерлеуші, наубайханашы, слесарь мен кран жүргізушілері және аула тазалушыларының бәсі жоғары тұрғанын айтады. Алайда, адамдардың көпшілігі бұндай қол жұмыстарына барғылары келмейді екен.

Жұмыспен қамту орталығы өңірдегі маман тапшылығын арнайы бағдарлама арқылы шешпек.

Аманбек ҰНАТҰЛЫ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір жұмыс күшінің ұтқырлығын дамыту мақсатында оңтүістік өңірлерден Павлодар облысына көп керекті маман адамдар көшіп келіп жатыр. Келген адамдардың бәріне жұмыс тауып беріп, осы Павлодар қаласына қалуға көмектесеміз.

Павлодар қаласында 3 мың-нан астам адам жұмысыз ретінде тіркеліпті. Жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыссыздар санын азайту үшін сұранысқа ие мамандықтарға оқытып жатқанын айтады. Биылғы жылы өңірде 6500-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл  жұмыссыздардың  60 пайызын құрайды.

Ө. Қуанар