Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Таразда «Кеңес беру» консалтинг орталығы іске қосылды

AstanaTV
30.10.2019ж. 20:00
1841
Таразда «Кеңес беру» консалтинг орталығы іске қосылды

Таразда бүгін «Кеңес беру» консалтинг орталығы іске қосылды. Көпшілікке көмек көрсетуге бағытталған бастама базарда ашылып отыр.  Орталықта саудагерлер мен бұқараның қан қысымы тексерілді. Мамандар қым-қуыт тірліктен қолы босамай жүрген жандарды денсаулыққа бей-жай қарамауға шақырды. Бұдан бөлек «жас отандық» жастар күн сайын түрлі сала мамандарын осында шақырып, халыққа құқықтық кеңес беруді ұйымдастырмақ. Бұл мемлекет беретін мүмкіндіктерді мүлт жібермеуге бағытталып отыр,- деді белсенді жастар. Ал алдағы аптада халықпен кері байланыс орнату үшін сауда орталығына прокуратура мен салық басқармасының мамандары шақырылмақ.  

Уалихан БОЛАТБЕК, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ЖАС ОТАН» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Базарда жұмыс жасайтын тұрғындардың көбісі бізге денсаулығына байланысты көптеген өтініштер айтып жатады. Базардағы көп халық мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіндіктерді толық пайдаланбайды. Хабарсыз десек болады. Міне сол мүмкіндіктерден хабар беру үшін, сұрақтарына жауап алу үшін осы орталықты осы жерден ашып жатырмыз.


Д. Әлімқұл