Енді азық-түлік, оның ішінде етті былай қойғанда, халық үшін аса маңызды тағам – картоптың қымбаттауы жайлы. Екі есеге көтерілген. Тіпті кейбір жерлерде кейбір сорттары 3 есеге өскен. Мысалы, біздің тілшіміз Айжан Қуаш барып аралаған Қарағандының бір базарында келісі 60-70 теңге болған картоп 120-130 теңгеге өскенін жұрт жыны ұстап баяндады. Саудагерлер «қысқа қарай 200-300 теңге болады деген әңгіме бар, қорқып отырмыз, біздің кінәміз жоқ, қосатынымыз 5-10 теңге», дейді. Мұның себебі неде екенін - бензин бағасының қымбаттауынан ба, теңгенің құнсыздануынан ба, делдалдардың ашкөздігінен бе? - әрине, тиісті министрлік те, әкімдіктер де білмейді. Себебі тікелей құзыреттеріне жатпайды. «Бәрін нарық заңдары реттейді». Онда заңды сұрақ туады – нарық заңдары неге тек өсімдерге, қымбаттауға ғана жүреді? Ашкөздік, коррупцияны қалай айналып өтеді? Материалды дайындау барасында бір зейнеткер апа айтып еді – біз киім алмаймыз, бізге керегі...картопия ғой... Айзада Төребекқызы аймақтардағы баға өсімінің шкаласын сызып көреді.
- Мына қызылымыз Қарағанды, мынау ақ - Павлодар, чернозем, северден келеді. Бұл ең жақсы картошкалар. Бағасы 140-тан болып жатыр.
Бұл Шымкент базары. Сауда орнындағы көкөніс, бау-бақша өнімдері сатылатын бөлімде кісі қарасы аса көп емес. Байқағанымыздай алушы аз. Сатушылар мұны соңғы уақытта азық-түлік құнының едәуір көтерілуімен байланыстырады. Расында өзгесін айтпағанда, ең көп сұранысқа ие картоптың құны аспандап тұр. Бұл әсіресе зейнеткерлерді шошытты.
Аламыз 3 кило 3 күнде жеп тауысамыз, тағы шығамыз. Аламыз пияз, үш күнде ада болады. Просто пұл пұлын көрмейді. Пенсия аламыз ни на что не хватает.
Мира Жанысбаева, сатушы:
Бұрын 10 келі алатын адам 5 келі алады. 5 келі алатын адам 3 келі алады, жағдайына қарап.
- Былтырғы баға қалай еді?
- Былтырғы баға картоптың бағасы 80 теңге еді. Дәл осы уақытта 80 теңге етін.
Саудагерлердің айтуынша өткен айда ғана баға 100 теңге болған екен. Сонда баға апта емес, күн санап өсіп жатыр деген сөз.
Мира Жанысбаева, сатушы:
Себебі Ташкентке кетіп жатыр дейді, біз енді алып жатқаннан кейін солай айтылып жатыр, бізге.
Сейітқали Малышев, сатушы:
Қараңыз, мынау 125-тен оптом алынған. Транспорт пен осы жерге келуі тәшкімен кіргізеді, 5 теңге қосылады. Сонымен 10 теңге көп болса. Оны халық енді түсінбей, кейбірі ұрсып кетіп жатады, амал жоқ.
Шымкентте өзге азық-түліктің де нарқы кәдімгідей көтерілгені байқалады. Қызанақ пен қиярды айтпағанда күріш, қарақұмық, пісте май секілді тауарлардың нарқы өскен. Жұмыртқа бағасына да 2-3 теңге қосылыпты. Ең ірісі 35 теңгеден сатылуда. Ет өнімдері де едәуір көтерілген.
Раушан, Шымкент қаласының тұрғыны:
Сейчас очень такие высокие цены, чуть-чуть зарплатаны көбейтеді, то есть пенсия, 4 есе, 5 есе тауар қымбаттайды. Бензин қымбаттады деп тауардың бәрі қымбаттайды. И у нас же работы нету, правильно? И зарплата не соответствует на эти продукты. Например, мясо қанша болды,.. 1450! . Это вообще...
Алматыда баға тіпті шарықтап тұр. Әсіресе картоп құны күн сайын қымбаттап жатыр. Кейбір жерде келісі 200 теңгеден.
Саудагер: -Картошканы 150-ден сатқанбыз. Міне, 200-ге ақырындап көтерудеміз.
Көшедегі адамдар: -Енді 180-ге дейін барып жатыр, кей жерлерде. Бірақ одан да қымбаттайды,- дейді ғой. Әсіресе, мен пенсионерге, әрине әсер етеді.
- Дұрыс емес. Зарплата көбейіп жатқан жоқ. Ал, тамақтар қымбаттап жатыр. Біз семьямызбен жұмыс істейміз. Сонда да кәдімгідей әсер етуде.
Алматы билігіндегілердің есебінше, биыл өнім аз жиналған. Бірақ ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, Алматы облысы картоп жиыны бойынша бірінші орында. Нақты санды соңыра айтамыз.
Ал Қарағанды облысының билігі биыл алғаш рет азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қор құрыпты. Аймақ басшылығының хабарлауынша, 35 ауылшаруашылық кәсіпорны өздері өсірген 3 мың тонна көкөністі қыста базарлардан 25-30 пайызға арзан сатуға уағдаласқан. Қазір жиылған өнім яғни 600 тонна картоп, қырыққабат пен қызылша, сондай-ақ, 100-100 тоннадан сатып алынған сәбіз бен пияз «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қоймалары мен жылыжайларында сақтаулы тұр.
Серік Шайдаров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:
Базарлардың өзінде қазір картоп 65-70 теңгеден болып жатыр картопия. Біз 50 теңгеден аламыз және мынау «Сарыарқаның» өзінің сақтайтын, басқа шығындары бар, соны қосқанда 70-75 теңгеден аспай сатылатын болады. Сондықтан мысалы өздеріңіз білесіздер, былтыр мысалы көктемде картоптың бағасы 275-300-ге дейін барды.Сонда біз осы тауарлық интервенция жасаған уақытта бағаны ортайтатын боламыз, тұрақтандырамыз.
Бірақ бұл көктемнің қамы. Сондай-ақ, әкімнің орынбасары қазір келісі 65-70 теңге деген картопты қай жерден көрді екен? Себебі картоп базарларда 110-120 теңге. Тұтынушылар көкөністерден бөлек, қант, күріш, қарақұмық пен ет бағасының шарықтап бара жатқанын айтады.
Замира Жүнісова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Картоптың бағасы мысалы үшін бұрын 60 -70 теңгеден болатын. Енді 100 процент қосып тұр ғой. 120-130 теңге. Ал,зарплата бізде солай қалды.Білмейм енді қалай тұратынымызға даже представления да жоқ.
Айгүл Ахметова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Кейбір туыстарымның үйіне барам, нан мен қант. Қанттың өзі кейде болмайды. Билікте отырғандар бәрі бірлесіп, сөйлегенде жақсы сөйлейді...
Кеншілер шаһарындағы қымбатшылықты сатушылар жанар-жағармайдың қымбаттауымен түсіндіреді.
Анаргүл Дүйсенова, сатушы:
Қазір жол қымбат, проезд, отын қымбат. Сол қымбаттаған соң азық-түлік те қымбат. Сол үшін бізге қиын болып тұр. Сауда да жоқ, онша.
Ғалым Әбдірашұлы, сатушы:
Қысқа қарай бәріміз қорқып отырмыз, кейбіреулер айтып жатыр картоп 200-300 теңгеге барады дейді. Ол халыққа ауыр. 200-300 теңге деген масқара. Алдында 50 теңге болған картошка міне, арзандайды деп халық тосып жүрсе, 100-ге дейін көтеріліп кетті.
Картопты молынан өсіретін Павлодар мен Қостанай өңірінде де қымбатшылық. Мұнда келісі 100 теңгенің төңірегінде. Тобыл өңірінің шаруалары қымбаттауға жанар-жағармайдың өсуі мен Ресейден жеткізілетін өнімнің бағасы әсер еткенін алға тартты.
Владимир Семейкин, шаруашылық қожалығының басшысы:
Басында 55 теңгеден сатқанбыз. Қазір картоптың келісі 100 теңгеге жетті. Қазан мен қараша айында сатамыз деген өнімнің өзі сатылып кетті. Сауданың қарқынына төтеп беру үшін өнім құнын көтеруге мәжбүрміз.
Айта кетейік, биыл картопқа субсидия берілмеген. Мұның да өзіндік кері әсері бар,- дейді қостанайлық шаруалар.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Алайда ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер елде картоп тапшылығы жоқ деп отыр. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда биыл картоп алқабының көлемі анағұрлым артыпты. Яғни өнім жеткілікті. Министрлік ұсынған сандарға қарасақ, картопты ең көп жиып алған Алматы облысы екен - 594 мың тонна. Одан кейінгі орында Павлодар өңірі - 483 мың тонна. Солтүстік Қазақстан облысы - 426 мың тонна өнім алса, Шығыс Қазақстан облысының шаруалары - 415 мың тонна картоп теріпті.
Міне, "қызық"! Сонда бұл қайдан келген қымбатшылық? Жарайды, шымшымай, қарапайым логикаға салсақ, бірнеше фактордан шығады - жанар-жағар май дағдарысы, делдалдардың ашкөздігі, экспорттың ұлғаюы деген сияқты.
Төлеген Көшербаев, Павлодар қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Биыл оңтүстік өңірлерде картоптың шығымы аз болды. Бұрындары Өзбекстан, Қырғыз елі мен Алтай өңірінен біз сатып алатынбыз. Қазір біздің өнім көп мөлшерде оларға сатылуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 4 есе көп.
Баға кімнің де болса қалтасына салмақ салып тұрғаны ақиқат. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері әр өңірде арнайы көтерме сауда орталықтарын құруды ұсынады.
Дінмұхамед Әбсаттаров, «Атамекен» ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры:
Қазіргі таңда дилерлер көтерме сауда мен бөлшек сауданың арасында соншалықты араласып кеткен жағдай бар, барлық базарларда көтермесі де бар, ұсақ саудасы да бар. Сол себептен ортада көптеген он, одан да көбірек делдалдар бар. Сол себептен біз айтып отырмыз, осы Қазақстанда жоқ жүйені қалыптастырып, көтерме сауда тарату орталықтарын ұйымдастырсақ па деген мәселе.
Жап-жақсы ұсыныс. Бірақ кезекті жоспардан жұрттың әдеттегі нәтиже күтетініні анық. Дәлірегі - нәтиже күтпейтіні. Берекелі күздің берекесін шығарған қымбатшылық жазда ЭКСПО-ға шаттанған халыққа "не болып кетті?" дегізіп жатыр.
Сәуле Найманбаева, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Енді қарапайым халықты ойлап, бағаны көтермеуге тырысу керек. Әсіресе, азық-түлікке. Біз киім-кешек алмаймыз. Күнделікті азық-түлігіміз бізге керегі сол жаңағы ет, сүт, май, картопия мен пияз ғой.
Айзада Төребекқызы, Серік Талас «Біздің уақыт».