Кафеде тағы да от атылды. Бұл жолы Талдықорғанда. Екі жігіт арасында жанжал туындап, бірі суық мылтық кезенген. Оқ қарсыласының бетіне тиген. Полиция күдіктіні тез арада қолға түсірді. Ол 45 жастағы жергілікті тұрғын екендігі және қылмысты мас күйінде жасағаны анықталды. Күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Зардап шеккен жігіт қазір ауруханада жатыр.
Жандос НҮСІПБЕКОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:
Осы факті бойынша айыпталушы Қазақстан Респбликасының қылмыстық кодексінің 2 тармақ 3-бөлігінің 293-бабы, яғни «бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.