Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырау облысында жемқорлық өршіп тұр

AstanaTV
31.10.2019ж. 20:00
2809
Атырау облысында жемқорлық өршіп тұр

Атырау облысында жемқорлық деңгейі былтырғыдан 42,2% өсті. «Nur Otan» партиясы жанындағы қоғамдық кеңес партияның 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының Атырау облысында орындалу барысы талқыланды. 2017 жылдан бастап биылғы қыркүйек айына дейін 400-ге жуық қылмыстық іс сотқа жолданған. Аяқталған қылмыстық істердің шығыны 4,94 миллиард теңгені құраған.

Еділ МАМЫТБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Аймақта сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары болып отыр. Тергеу жұмыстарының нәтижесі қылмыстың көпшілігі бюджет қаражатын игеру, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, мемлекеттік рұқсат беру қызметтерін жүзеге асыру кезінде облыстық және аудандық деңгейлердің басшылары жасайтынын көрсетті. Сондықтан да жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер бұл індеттің дәл осы «ошақтарына» бағытталуы тиіс.


Жиында «Jas Otan» Жастар қанаты ұйымдастырған «Таза сессия» жалпыреспубликалық акциясының қорытындысы жарияланды. «Jas Otan» белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізген. Олардың 12,8% жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен.

Дәулет КӘРІБЕК, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Сауалнама нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері ең жиі кездесетін 5 ЖОО-ын атап отырмыз. Бірінші Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, екінші Атырау мұнай және газ университеті, үшінші Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, төртінші М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, беінші Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

А. Асқар