Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген үш энергетикалық компанияның өкілдері қамауға алынды. Айыпталушылардың арасында ағайындылар бар. «Электр желілері», «Альянс Энерго Снаб-Ақтау» және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» мекемелерінің лауазымды тұлғалары сот шешімімен 2 айға қамалды. Олардың үстінен ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Облыстық соттың мәліметінше, айыпталушылар мемлекетке 90 миллион теңгеден астам зиян келтірген.
Мұхтар ҮМБЕТОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
«Ақтау энергия тарату» компаниясы осы өңірде жұмыс жасай бастағанда барлығы күмәнмен қарады. Себебі, оларды кейбір адамдар тобымен сыбайлас болды. Биыл Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары сотталды. Ол осы жеке компанияға энергия сату бағытында қолдау көрсеткен еді.
А. Аскар