$484.11 €528.79 ₽5.03
×

ҚР Ұлттық экономика министрі: Бюджетте қаражат аз

AstanaTV
06.11.2019ж. 20:00
2289
ҚР Ұлттық экономика министрі: Бюджетте қаражат аз

Республикалық бюджетте қаржы аз. Ал аймақтарды дамыту керек. Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі осылай деді. Түйіннің шешімі ретінде ол елдегі шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын толығымен жергілікті бюджетке беру арқылы шешпекші.

Бюджетте қаражат аз деп баяндамасын бастаған Ұлттық экономика министрі, корпоративтік табыс салығынан түсетін қаржыны жергілікті бюджетке беретіндерін айтты. Жергілікті атқарушы орган бұл қаражатқа әлеуметтік, медициналық салаларды дамытуы тиіс.   

Руслан ДӘЛЕНОВ,  ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Жергілікті бюджеттерге корпоративтік табыс салығын беру өңірлер экономикасының шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыратын болады. Және жергілікті бюджеттердің табыстарын ұлғайтады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бөлінетін ақша барлық бағытқа жетуі тиіс. Мысалы, емделуге келген қарапайым тұрғынды аурухананың бюджеті алаңдатпайды. Ол республикалық па, әлде басқа ма.Ол бастысы өзінің дертіне дауа табуы керек. Ал қалғаны бізге міндеттелген.

Ал, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров зымыран қалдықтарын құлатуға жалға берілген жер учаскелері қайтарылатынын жеткізді. Ол аумақтарға коммуналдық желілер тартылып, тіршілік жанданбақшы.  

Сапархан ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:


Жалпы аумағы 1 740 гектардың 900 гектары мына жеке үй салу сұрақтарына бөлініп отыр. Ал қалғандары коммерциялық объектілер салуға бөлінген.

Зымыраннан құлаған радиоактивті бөлшектер, адам денсаулығына қауіпті екені белгілі. Залалсыздандыру жұмыстары да жүйелі жолға қойылмаған. Бұл олқылықты министр халыққа алдын-ала радио арқылы хабар таратып, улы аймаққа жақындамауды ескерту арқылы шешпекші.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Радиодан хабар жібереміз дейсіздер. Тыңдамайды оны. Сіздің мамандарыңыз барғанша, құлап жатқан мынау бөліктердің бөліктеріне ауылдағы ағайын оның бәрін жинап, қораларға кіргізіп, 2-3 күн пайдаланып жүреді.

Қайтарылған учаскелердің басым бөлігі жайылымдық жер. Жалдан шығарылатын аумақтар туралы құжат дайын. Енді Ресей Федерациясымен екжақты келіссөздер жүргізілуі тиіс.

Ә. Асқарұлы