Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ауылдық жерлерді дамыту үшін 900 миллиард теңге бөлінуі мүмкін

AstanaTV
06.11.2019ж. 20:00
2115
Ауылдық жерлерді дамыту үшін 900 миллиард теңге бөлінуі мүмкін

"Ауыл - ел бесігі" жобасын жүзеге асыру үшін 3 жылға 90 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Жексенбай Дүйсебаев айтты. Бұған дейін Елбасы өңірлерді дамыту бағдарламасына көңілі толмайтынын айтқан еді. Осына еске салған Жексенбай Дүйсебаев ауылдық жерлерді дамытуда бақылауды күшейтетінін жеткізді.

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Ауылдағы мәселелерді шешу үшін ең алдымен сондағы адамдардың жағдайын жасау керек. Жолдар, мектеп, балабақша және медицина саласы дегендей. Бұл енді кешенді түрде дамитын дүние. Бірін алып, бірін тастауға болмайды. Кешенді түрде дамытпасақ әрі қарай алға жылжыту өте қиын.

Қазіргі уақытта 6 жарым мың ауылда 8 миллионға жуық адам тұрады. Ауылдық жерлерді дамытуға бюджеттен 900 миллиард теңге бөлінуі мүмкін. Бұл қаражат 2020-2026-шы жалдарға арналмақ. Бастаманы Үкімет отырысында Премьер-министрдің  орынбасары Роман Скляр ұсынды.

Ғ. Өтемісов